Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


ӨЖТА нәтижелі болуының белгілері



бет116/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

ӨЖТА нәтижелі болуының белгілері

  1. Үрлеумен бірге кеуде торының үйлесімді кеңеюі

  2. Тыныс алу кезінде үрленген ағыстың қозғалысын есту және сезу.

ӨЖТА асқынулары
Ауаның асқазанға енуі, соның салдарынан іштің кебуі дамиды. Ол асқазандағы сұйықтың регургитациясына (кері лоқсу, яғни құсу, кекіру) әкеледі.


Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру

Мақсаты: тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру
Көрсетім: ЖӨР (жүрек-өкпе реанимациясы)
Жабдықтар: марлі немесе қол орамал, көпшікше (оралған қатты дәке немесе киім т.б )
Есте сақтаңыз! Реанимациялық шараларды бастамас бұрын қасыңыздағыларға жедел жәрдем шақыруларын өтініңіз және реанимациялық шараларды бастған уақытыңызды белгілеп алыңыз.
Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру маңызды кезең. Онсыз жүрек-өкпе қызметін қалпына келтіруді нәтижелі жүргізу мүмкін емес.
Тыныс алу жолдарының өтімділігінің бұзылу себептері: тілін жұту, тыныс алу жолдарында кілегей, қақырық, құсық массалары, қанның, бөтен заттардың болуы.
Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру әдісін таңдау, өтімсіздік деңгейіне және оның даму жағдайына байланысты болады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасты қатты жерге жатқызып, тар киімінен босатыңыз.

  2. Науқастың сол жағына тұрыңыз.

  3. Науқастың басын бір жағына бұрыңыз.

  4. Дәке салфеткасымен немесе қол орамалмен оралған саусақпен ауыз қуысын кілегейден, кұсық массасынан, қақырықтан тазартыңыз.

  5. Осы мақсатпен кәдімгі резеңке грушаның үшкір үшін кесіп тастап немесе электросорғышпен қолдануға болады.

  6. Науқастан шешілетін тіс протездері бар болса шешу керек.

  7. Бөгде зат болса, оны 2-3 саусақтармен қысқыш ретінде ұстап алып, шығару керек.

  8. Сол қолыңызды мойын астына, ал оң қолыңызды маңдайына қойып, науқастың басын шалқайтыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет