Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет70/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118
XI.Асқыну: липодистрофия
Асқынудың белгілері: инсулин еккен жерлерінде май ұлпалардың сорылуынан тері астында шұңқыр пайда болады.
Асқынудың себептері: инсулинді бір жеріне жиі еккенде.
Асқынудың алдын-алу: егу жерлерін кезектеп ауыстыру.
XII.Асқыну: сепсис, ЖИТС, вирустік гепатит (бауырдың вирустық қабынуы)
Асқынулардың белгілері: ағзаның жалпы аурулары, асқынулар.
Асқынулардың себептері: асептика ережелерін, залалсыздандыру алдындағы және залалсыздандырудың ережелерін өрескел бұзғанда.
Асқынулардың алдын-алу: осы асқынулардың себептерін жою.
XIII.Асқыну: аллергиялық реакциялар
Асқынудың белгілері:қышыну, бөртпелер, тұмау және т.б.
Анафилактикалық шок.
Асқынулардың себептері: дәріге ағзаның жеке кері әсер ететін сезімталдығы.
Асқынулардың алдын-алу:
1)бірінші инъекцияны жасар алдында науқастан дәрілерге сезімталдығын сұрастырып анықтау.

  1. ауру тарихының бірінші бетінде қандай дәрілер жақпайтыны туралы мәліметтер жазылуы мумкін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Антибиотиктерді бірінші рет егу алдында сезімталдығын анықтау үшін тері ішіне сынама (проба) жасау керек ("тері ішіне егуді жасау" модульді қараңыз).
Асқынуларды емдеу:

  1. науқасты жалғыз қалдырмау;

  2. дәрігерге дейін жедел көмек көрсету;

  3. дәрігерді шақыру.



IX. ПУНКЦИЯЛАР
Плевралды пункция (плевроцентез, торакоцентез) өткізу үшін науқасты және медициналық бұйымдарды даярлау
Мақсаты: Емдеу және диагностикалық мақсатпен плевралдық қуысты тесу.
Сау адамның плевралдық қуысында сұйықтық мөлшері шамалы болады. Плевралдық пункция плевралдық қуыстағы керегі жоқ сұйықтықтарды және басқа заттарды сұйықтықтың (қан,ірің,экссудат,транссудат) сипатын анықтауға, плевралдық қуысты залалсыздандырылған антисептик ерітінділерімен жууға, қуысқа дәрілік заттарды енгізуге жағдай жасайды.
Көрсетім: жарақаттан кейінгі гемоторакс, спонтан­ды пневмоторакс, клапандық пневмоторакс, тыныс алу ағзаларының аурулары (крупоз­ды пневмония, плевриттер, өкпе эмпиемасы туберкулез, өкпенің қатерлі ісігінде т.б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет