Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Пункция жасаудағы мейірбикенің рөлі



бет72/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Пункция жасаудағы мейірбикенің рөлі
1. Пункция алдында мейірбике:

  • керекті құралдарды дайындайды

  • құралдарды залалсыздандырады

  • емделушіні дайындайды

  • емделушіні пункция жасайтын жерге жеткізеді.

2. Емделушіні қажетті жайға келтіреді.
3. Пункция орнын өңдеуіне болады.
4. Пункция уақытында дәрігерге көмектеседі:

  • керекті құралдарды әпереді

  • резеңке түтікке қысқыш салып және алып тұады

5. Пункция жасау барысында емделушінің жағдайын қадағалап отырады.
6. Пункция аяғында пункция орнына өңдеу жасайды.
7. Пункциядан кейін емделушіні палатасына жеткізеді, онда ол 2 сағаттан кем жатпау керек.
8. Емделушінің жағдайын қадағалап отырады.
9. Пробирканы ішіндегімен зертханаға апарады.
10. Құралдарға залалсыздандыру алдындағы тазарту жүргізеді.


Абдоминальды пункция (лапароцентеза) өткізу үшін науқасты
және медициналық бұйымдарды дайындау
Мақсаты: (лапароцентез) – іш пердеде сұйықтық жиналған кезде (асцит) емдеу және диагностикалық мақсатпен іш перде қуысын тесу.
Көрсетім: Асцит, жүрек жұмысының декомпенсацияға және бауыр циррозға шалдыққанда жиі болады, ал іш перде рак ауруына шалдыққаннан сирек болады.
Қарсы көрсетім: гипотония, спаечный процесс в брюшной полости, метеоризм.
Жабдықталуы: залалсыздандырылған: мақта шариктері, қолғаптар, троакак, скальпель, 5 мл, 10 мл, 20 мл шприцтер, салфеткалар, қақпағы бар банка, 0,5% новокаин ерітіндісі, 5% йод ерітіндісі, 70% спирт, алынған сұйықтықты құюға арналған ыдыс, леген, пробиркалар, сүлгі, лейкопластырь, анафилактикалық шок кезінде көмекке арналған жиынтық, дез.ерітіндісі бар ыдыс, зерттеуге жолдама, таңу материалдары, ҚЖҚ.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1. Алдымен емделушіге психологиялық дайындық жүргізіледі және пункцияны аш қарынға жасалатыны ескеріледі.
2. Кешке емделушіге тазартатын клизма қояды.
3. Процедура алдында емделуші қуықты босату керек.
4. Манипуляцияға 30 минут қалғанда премедикация орнына 2 промедол 1 мл мен 0,1 атропин 0,5 мл тері астына қойылады.
Пункция кезінде емделушіні беліне дейін шешіндіріп, Орындықтың арқасына сүйеп отырғызады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Асцитикалық сұйықтық жинау үшін емделушіні аяқтарының арасына леген қойылады.

  2. Пункция жасайтын орынды екі рет 96 спиртпен өңдейді (немесе құрамында йоды бар антисептикпен және спиртпен). Пункцияны іштің орта жолағында кіндік пен қасаға аралығында (немесе кіндікті мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы қылқанымен жалғайтын орта жолақтан 5 см ішке қарай).

  3. Пункция өткізетін орынға 0,25-0,5 новокаин ерітіндісімен анестезия жасайды.

  4. Теріні сол қолдың екі саусағымен керіп, оны троакармен (кейбір жағдайда трокар кіргізу алдында скалпельмен теріні шағындап кеседі) кеседі.

  5. Алдыңғы іш перденің қабырғасын тескесін (пункцияны абайлап жасайды, іш құрылыс мүшелеріне зақым келтіріп алмау үшін) істік басты мандренді (ине қуысын тазартатын жіңішке сым) (стилет) алып шығады, ал сұйықтық кедергісіз аға бастайды.

  6. Бірнеше миллилитр сұйықтық залалсызданған пробиркаға зеттеу үшін алынады.

  7. Сосын троакарға (цилиндр) резеңке түтік кигізеді де оны легенге тастайды (шетін).

  8. Сұйықтықты ақырын жібереді, бұл үшін резеңке түтікке әлсін-әлсін қысқыш қойылып отырады.

  9. Сұйықтық шығарған кезде іш қуысындағы қысым күрт төмендеп кетеді. Бұл қан ағуының тез өзгеруіне әкеледі де және кейде коллапсқа жеткізеді. Бұдан алдын-ала сақтану үшін сұйықтықты шығару уақытында ішті кең орамалмен таңып тастайды.

  10. Сұйықтықты шығарғаннан кейін троакарды шығарып алады да, пункция орнын құрамында йод бар антисептикпен өңдеу жасайды, залалсыздандырып дәке шарикпен немесе салфеткамен және пластырьмен желімделеді.

  11. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  12. Қолданылған мед.бұйымдарды дез.ерітіндіге салыңыз, қолғап, мақта шариктері, шприцтерді ҚЖҚ салыңыз.

  13. Науқастың пульсін, АҚ анықтаңыз.

  14. Науқасты каталкамен палатасына тасымалдаңыз.

  15. Науқасқа манипуляциядан кейін 2 сағат уақыт бойы төсек тәртібін сақтауын ескертіңіз.

  16. Алынған сұйықтықты тексеруге зертханаға жеткізіңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет