Қазақстан Республикасындағы судьялардың конституциялық құқықтық мәртебелері. Қазақстан Республикасының барлық соттары судъяларының мәртебесі бірдей болады және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сульяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, олөз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады. Судьялардың құқытық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгіленеді. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқы тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие болады.
Заңда қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: 1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
2) бір құқы бұзушіліқ үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
Судьяның өкілеттігі тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.