Alikhan bokeikhan university сро тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері Орындаған: Жеңісқан А.Қ Тексерген: Матаева М. Х. Семей2023 Сот билігі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері Орындаған: Жеңісқан А.Қ Тексерген: Матаева М.Х. Семей2023 Сот билігі Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды. Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйсі Республиканың Сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңмен белгіленеді.ҚР-ның соттар жүйесін Жоғарғы Сот және Конституцияға сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық, Астана қаласының, ҚР әскерлерінің Әскери Соттары) аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады. Республика Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың лауазымды тұлға немесе басқатұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді. Дегенмен ҚР мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, т.б.) соттар құрылуы мүмкін. ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі.
– сот төрелігін конституциялық принциптерге сәйкес жүзеге асыру;
– сот жүйесінің Конституциямен және Конституциялық заңдармен белгіленуі;
– соттарды құру тәртібімен;
– сот билігін сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарымен жүзеге асыру;
– соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы;
– заңды күшіне енген сот шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында орындалу жүйесі;
– барлық соттардың ркспубликалық бюджет есебінен қаржыландыру.
ҚР сот жүйесінің бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше аумақтық-әкімшілік бірліктерде бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін.