Alikhan Bokeikhan University Заң факультеті БӨЖ №4 Тақырып: «Әкімшілік процесс субъектілері»


Мазмұны бойынша бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері



бет2/2
Дата28.04.2023
өлшемі23,7 Kb.
#88068
1   2
Мазмұны бойынша бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері:
1) Әкімшілік құқық шығармашылық процесі;
2) Құқық беруші процесс (мадақтау өндірісі, таратушы өндіріс, рұқсат берушілік өндіріс, жеке құрамды жинақтау бойынша өндірісі);
3) Әкімшілік - юрисдикциялық процесс ( азаматтардың шағымдары мен өтініштері бойынша өндіріс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік, акімшілік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша өндіріс, тәртіптік іс жүргізушілік).
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

Әкімшілік процестің субъектілері

Әкімшілік процестің субъектілері:


1) бұл өзінің нақты мүддесін процестің 2-ші жағы бұзған немесе даулаған өз құқығын қорғайтын жақ (тарап). Бұл кезде әкімшілік процестің тараптарында процессуалдық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы болады;
2) бұл әкімшілік процестің қатысушылары куә, сарапшы, маман, аудармашы (тілмаш) ретінде қатысуы мүмкін.
Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілік іс жүргізушілік құқық қабілеті болуы керек, яғни мінез-құлық, тәртіптің нақты түрін таңдау мүмкіндігі болуы қажет. Мысалы, ҚР Конституциясы ҚР азаматтарына мемлекеттік және қоғамдық органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне шағым жасау құқығына кепілдік береді. Осы құқықты әрбір азамат тікелей немесе өзінің өкілі арқылы субъективті құқығын қорғау үшін құзырлы мемлекеттік органға немесе заңмен қарастырылған жағжайда сотқа барумен жүзеге асырылады.

Әкімшілік процестің субъектілері болып мыналар табылады:

1) ҚР азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар


2) Мемлекеттік органдар
3) Мемлекеттік кәіспорындар мен мекемелер
4) Қоғамдық ұйымдар
5) Мемлекеттік қызметкерлер
6) Қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері.
ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік процестің субъектілерінің үлкен тобын құрайды. Әкімшілік процесте олар мынадай түрде қатысады:
1) істі шешуге құылы орган алдында әкімшілік істі қозғайтын тұлға ретінде;
2) құқығы бұзылған немесе даулы құқығын қорғауда әкімшілік даудың тарабы (жағы) ретінде;
3) үшінші тұлға ретінде, яғни даулы құралға талап берген тұлға ретінде, сондай-ақ осындай талап бермеген, бірақ тараптардың біреуінің талаптарына қосылған тұлға ретінде;
4) өкілетті өкіл ретінде, егер де өзгедей заңмен қарастырылмаса;
5) әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде;
6) жәбірленуші ретінде, яғни әкімшілік құқық бұзушылық нәтижесінде моралдық, күштеу арқылы немесе мүліктік зиян келген тұлға ретінде;
7) куә;
8) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын тұлға ретінде (қорғаушы, адвокат).
Бұл кезде заң осы лауазымды тұлғаны қажетті айғақтар келтіруге, туындаған іс бойынша түсінік беруге, процеске кедергі келтірмеуге міндеттейді. Әкімшілік теріс қылықты жасаумен байланысты туындаған істерде әкімшілік-процестің тарабы болып құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама толтырған лауазымды тұлға табылады.
Прокуратура органдары да көбінесе әкімшілік-процессуалдық қатынастардың тараптары болып қатысады, мысалы, жалпы қадағалау тәртібінде заңсыз басқару актісіне шағым түсіргенде, заңның талаптарына қайшы шығарылған әікмшілік жазаға шағым түсіргенде. ҚР Прокуратурасы туралы заңда шағым түсірудің тәртібі белгіленген, сондай-ақ басқару органының немесе қоғамдық ұйымның шағымды белгіленген мерзімінде қарау міндеті де белгіленген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет