ƏБIЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ
Ақ Орда қҧлдырағаннан кейiн оның басым бөлiгiнде
Əбiлхайыр хандығы (1428 – 1469 жж. өмір сҥрген) орнады.
Кейбір əдебиеттерде Көшпелі өзбектер мемлекеті деп те аталады
Əбiлхайыр хан – Шибанның (Шайбани) ҧрпағы, Жошының
немересi. Ол хан тағына 1428 жылы келiп, 40 жылдай билiк
жҥргiзді. Əбiлхайыр хандығы батысында Жайықтан бастап,
шығысында – Балқаш көлiне, оңтҥстiгiнде – Сырдария сағалары
мен Арал теңiзiне, солтҥстiгiнде – Тобыл мен Ертiстің орта
ағысына дейiнгi ҧлан-ғайыр аймақты алып жатты. Хандықтың
қҧрамына қыпшақ, керей, найман, арғын, қоңырат жəне басқа
тҥркі тілдес тайпалар кiрдi.
Мемлекеттiң орталығы Сiбiрдегі Тура
(қазіргі Тҥмен қаласы) қаласы болған. Кейiн ХV ғасырдың 40-шы
жылдары Əбiлхайыр хан Сырдария маңындағы қалаларды басып алып,
астанасын Сығанаққа көшiрген. Хандыққа Сығанақтан басқа Иасы,
Отырар, Өзкент қалалары қараған. Бҧл жерлерде қолөнер, сауда жəне егiн
шаруашылығы дамыған. Əбiлхайыр хан шетел басқыншыларына жəне
Шыңғыс ҧрпақтарына қарсы жиі-жиі аяусыз кҥрес жҥргiзіп отырған. 1459
– 1460 жылдары Əбiлхайырмен болған кикілжіңнiң нəтижесiнде Орыс
ханның ҧрпақтары – Керей мен Жəнiбек Əбiлхайыр ханнан бөлініп,
Моғолстанға қоныс аударады. Сол жерде Ақ Орданың шаңырағын қайта
НОҒАЙ ОРДАСЫ
Қазақ хандығының негiзiн салушылардың бiрi – Ноғай
ордасы (ХIV – ХVI ғғ.) алғашқы кезде «Маңғыт жҧрты»
деп аталды. Өйткені ол, негізінен, маңғыт тайпасынан
қҧралды. Ноғай ордасы деп аталу себебі – маңғыт
тайпасынан шыққан билеуші Ноғайдың есімімен (XIII ғ.)
байланысты алынған. Ноғай ордасын осы тайпадан
шыққан əйгiлi Едiге əмiр мен оның ҧрпақтары басқарған.
Едiге ҧрпақтарының хан лауазымын алуға қҧқығы
болмаған (ол тек шыңғыстықтарға ғана тиiстi еді).
Сондықтан оларға «бек» деген лауазым берілген. Ноғай
ордасының жер көлемi өте ҥлкен болған. Мемлекет
орталығы Едiл мен Жайық өзендерiнiң аралығына орын
тепкен.
Басты
қағандық
Жайық
өзенiнiң
оң
жағалауындағы Сарайшық қаласында орналасқан. Халқы
Дештi Қыпшақты ежелден мекендеген маңғыт, алшын,
жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, тама, арғын,
ҥйсiндерден қҧралған. Кейiннен олардың көпшiлiгi қазақ
халқының қҧрамына кірген.
ХVI ғасырдың екiншi
жартысында iшкi жəне сыртқы жағдайларға бай ла ныс ты Ноғай
ордасы жекеленген иелiктерге бөлiнiп, ыдырап кете дi.
Аумақтың көп бөлігі қазақтар дың Кіші жҥз қҧрамына енеді.
13
14
5
15
16
17
18
Достарыңызбен бөлісу: |