Қалымбек Аян Советұлы



бет41/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#12216
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
Байланысты:
мөлдір бұлақ 2018

Тоқтасынова Ажар -

2001 жылы 26 - шілдеде

Зайсан қаласында дүнгиеге келген.

Екі шет тілі мамандығының 1-курс студенті.



Тәуелсіздік – тұғырым
Бұл күндері көзден кеткен алыстап,

Алаш елі тұрып еді қарыштап.

Тәуелсіздік аңсадық-ау, аңсадық

Сол бір заман жатқан кезде жаныштап.


Қыл бұрауы қасіреттің байланып,

Бодандықтың құрығында айдалып,

Арманына жетті ақыры Алашым

Бостандығын өз қолына қайтарып.


Зиялылар жасаса да естілік,

Аналардың зарлы үні естіліп.

Бабам аңсап, армандаған бұл жолда

Хан Кененің бас кеткен кесіліп.


Көтерілдің арыстарым жиылып,

Атар оқтай, жауар бұлттай түйіліп.

Ахмет, Мағжан, Бейімбет пен Жүсіпбек,

Міржақыптар кеткен жоқ па қиылып?!


Еңіреген талай боздақ өтпеп пе ед?

Олар еркін, азат болып көктеп пе ед?

Қайрат, Ербол, Сәбирә мен Ләззаттар

Мұз үстіне қызыл қанын төкпеп пе ед?!


Сезгендеймін тамырымнан жылылық,

Тәуелсіздік бізге жеткен ірілік.

Орындалды бабалардың арманы

Тәуелсіздің – Тәңір берген ұлылық.


Дербес ұлтпын! Мақтанышпен айтамын,

Төнбесінші төбемізге қайта мұң.

Қазақ деген өр намысты халықтың

Мекен еткен туған жері – байтағым.


Азаттығым – мәңгі салар жыр-әнім,

Көк аспанға самғап ұшқан қыраным,

Жүректерді қуанышқа бөлеген

Тәуелсіздік – ар-намысым, ұраным.


Соқ жүрегім, тоқтамашы, жалықпа,

Шаттық келсін қазақ деген нар ұлтқа.

Мерекеміз құтты болсын дарқан ел

Нұр құйылсын тойлап жатқан халыққа.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет