Қазағымның қыздары
Қазағымның қыздары – әдемісің,
Сұлулықтың көз тартар әлемісің.
Үлкенге де, кішіге құрмет қылған,
Қыздарымыз бетке ұстар әдебімсің.
Қазағымның қыздары – жаны көркем,
Еркелесін, еркелет, болсын еркең,
Біреуге ана, біреуге қарындас ол,
Махаббатпен, жар болар саған ертең.
Қазағымның қыздары – қиғаш қасты,
Тік қарамай түсірген төмен басты.
Алыстан туыс –туған келгенінінде,
Күлімдеп шай-суанын, берген асты.
Қазағымның қыздары – қос бұрымды,
Сақтаған ата-дәстүр ескі ұғымды,
Ашық-шашық киімді кимес білем,
Мен қазақпын дейтұғын қыз бүгінгі.
Қазағымның қыздары – кербез мүсін,
Жан беруге қорықпаймын сендер үшін.
Қазақ қызын алар ұлт – жалғыз қазақ,
Өзге ұлттар байқасын, білсін күшін!
Қазағымның қыздары – ар-иманды,
Біледі нәпсілерін жөн тиғанды.
Жамандыққа жол бермес ақылдысың,
Өзгермеңдер болыңдар осы мәңгі!!!
Достарыңызбен бөлісу: |