Қалымбек Аян Советұлы



бет61/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69
Уақыт алтыннан қымбат.
Біздің балдай тәтті балалық шағымызды, риясыз күлкімізді, еш алаңсыз бал-бұл жанған күнімізді ұрлайтын не? Жоқ, ұрлайтын емес-ау, бізді өмір ағымына салып адам қылып тәрбиелеп, тұлға қылып шығаратын ше? Әрине ол ең қатты, ең берік тасты да үгітетін ұлы ұстаз- уақыт. Бірде жылатып, бірде қуантады, бірде бақытқа кенелтсе, енді бірде жұбатады.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандарда

Менің жаным ашиды бұл өмірді

Өтпейтіндей көретін адамдарға ,- деп Мұқағали Мақатай атамыз айтқандай күн мен сәуле, ағаш пен жапырақ, көз бен көру сияқты адам мен уақыт егіз ұғым бірі жоқ болса екіншісінің болуы мүмкін емес. Уақыт пен адамды жеке-жеке, бөлек қарастыру ешкімнің қолынан келмес. Біреу бұны жәй ғана күн – түн, ай- жыл, тәулік жыл мезгіл, деп қарастырса, екінші бір типтегі жандар оны бағы, бары, өмірі деп қабылдайды. Неліктен олай түсінеді, жалпы уақытты алтыннан асыра бағалау себебі неде?

Абай атамыз кезінде «Өмір теңіз, уақыт толқын» деп бекер айтпаған болар сірә. Кәмелет жасқа толған шағыма дейінгі өмірімді таразыласам, ол мені біраз есейтіпті. Көкірегіме бір түйгенім: уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді екен. Сыйлаған қуанышы мен қайғысының төрелігін өзі беріп, емін де өзі жасайды. Біз біраз нәрсені өзгерте аламыз. Тек тықылдап сенімен санаспайтын уақытты емес. Мені осы кезге дейін уақыт қуаласа, мен енді уақыт сонынан жүгіретін боламын. Бұл маған ғана емес барша адамзатқа ортақ шарт. Сондықтан уақытқа ілессен қатардан қалмай елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай бәсекеге қабілетті сөзің айқын жеткізе алатын, білімді азамат болып өсесін, көштен қалып ілесе алмасан уақыт сені күтіп тұрмайды.

«Өлді деуге болама ойландаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған»,- деп өзінде бар мүмкіндіктерді көрсетіп соңына із қалдырып өтсе қандай керемет. Шыр етіп құндаққа түскен әрбір пендееге берілер уақыт бірдей, алайда әркімнің пайдалану әртүрлі.

Дүниедегі уақыттан жасы үлкен ешкімде, ешнәрседе жоқ сондықтан бүгін істер ісінді ертеңге қалдырмай жұмыс жаса. Бір күнінді соған сай минут, секундынды есептеп қой бұл заман жай заман емес аласапыраны мол заман. Пенде болғасын ойын күлкі той думан мен бос жүріп алып барлығын «уақытым жоқ» деген сөзге тірейді. Керісінше, ол адамда ниет жоқ. Ниет жоқ жанда арман-мақсат болайды, арман-мақсатын болмаса сенде болашақ жоқ. Болашақ ол тағдыр, өз қолымызбен жасайтын дүние. Ешкімге қимас мәнді тағдырынды уақыт атты көрікпен әрлемей бос кетіру қолдағы бақ құсынды бағаламаумен бірдей.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет