МӨЛДІР БҰЛАҚ
Студенттердің шығармашылығынан құрастырылған
өлеңдер, көркемсөздер, ойтолғаулар және мақалалар жинағы
Өскемен, 2018
Туындыларды жинап, әзірлеп, баспаға ұсынғандар:
Бас редактор – С. Қ. Оразалин
Редактор – А. С. Қалымбек.
Пікір жазған:
Қазақстан Республиксы Жазушылар одағының төрағасы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын – Ұлықбек Есдәулет
Мөлдір бұлақ: Студенттер шығармашылығы. Өлеңдер, көркемсөздер, ойтолғаулар және мақалалар жинағы.
– Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2018.
Бұл «Мөлдір бұлақ» атты басылымда әр тараптан жиналған, ЖОО табалдырығын енді аттаған, оқып, білім нәрімен сусындап жатқан, сондай-ақ оқу ордасын бітіргелі жүрген студент- ұл-қыздардың туған жерге, елге, ата-анасына деген сағынышы мен махаббаты, Отанына, тіліне, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігі, ішкі жан-дүниесінің толғанысы, қуаныш, ғашықтық, өкініш секілді алуан сезімдері көрініс тапқан.
(с) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2018.
Алғы сөз
Хәкім Абай: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» демей ме?! Яғни, бұл ақындық, шешендік, суырыпсалмалық, сұлу сөзден түйін түйіп, қара сөздің құдіретін түсіну – қазақ халқының ұлттық болмысымен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен астасып кеткен біртұтас дүние. Сондай-ақ әдебиет дегеніміз – барлық ғылым-білімнен жоғары тұратын, белгілі бір шегі мен кеңістігі жоқ, ұшы-қиырсыз әлем.
Өлең сөздің жілігін шағып, майын ішпесе де өзінің ішкі жан тебіренісін қағазға түсіріп, қалам сермеп жүрген жастар баршылық. Мейлі, ол қай саланың маманы, қандай мамандықтың иесі болсын – шығармашылықққа шектеу жоқ.
Дәл осы «Мөлдір бұлақ» атты жинаққа да сондай студент жастардың шығармалары енгізіліп отыр. Дәстүр сабақтастығын үзбей жалғастыратын қыз-жігіттеріміз көп болсын! Тырнақалды туындыларын көпке ұсынып жүрген жас қаламгерлердің бастаудан шығып жатқан қайнар бұлақтай балғын, балауса өлең, көркемсөз, ой-толғауларын «Мөлдір бұлақ» деген атаумен жарыққа шығарғанды жөн көрдік.
Құрметпен
Достарыңызбен бөлісу: |