Қалымбек Аян Советұлы



бет44/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
Байланысты:
olender

Дәлелханова Іңкәр -

2001 жылы 4 – мамырда ҚХР дүниеге келген.

Екі шет тілі мамандығының 1-курс студенті.

Менің де айтарым бар
Өсе бер, өркендей бер, тілім,- деймін.

Тілді ойласам жүректі тілімдеймін.

Келген ойды айтайын, тыңда мені,

Кессең-дағы тілімді бүгін мейлің.


Адам болсам өмірді терең ұғар,

Әр халықтың тілін біл, керегі бар.

Бірақ, айтшы шіренген кейбіреулер

Ана тілін білмеуге неге құмар?


Көріп жүрмін мен бүгін осындайды,

Ұлтымызға жараспас тосын жайды.

Ана тілін білмейтін кей қазаққа

Ешқашан қаным менің қосылмайды.

      

Тәуелсіздігім
Той еді ұлы дүбір көптен күткен,

Келмеген тәуелсіздік оңайлықпен.

Сан боздақ өр кеудесін оққа тосып,

Ұрпақ үшін өздерін құрбан еткен.


Егемендік алудан сақтау қиын дейді,

Сақтаймын болса-дағы қиын мейлі.

Азаттыққа қол жетер сүрлну жолда

Қанша боздақ өлгені ойды жейді.


Асқар тау, сай- салалы құтты мекен,

Мақтанам, Тәуелсіздік, сеніменен.

Қасықтай қан, шыбықтай жан шыққанша

Мен өзіңді қызғыштай қорғап өтем.


70 жыл халқым көрді небір қорлық,

Басымыздан көрді талай аштық өтіп,

Ата - баба өткерді талай жорық,

Қолда барда егемендік қадірін біліп,


Өзге елдің сұлтанынша болғанынша,

Өтейін, өз елімде ұлтан болып.



Асқаров Ермек –

2000 жылы 30 – шілдеде ШҚО, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. Мамандығының 1-курс студенті.



Ауыл кеші


Жазғытұрым ауыл кеші тамаша,
Сән береді айналаға жаңаша,
Қариялар естелігін жастықтың
Бөлісіп бір қуанады балаша.


Жас балалар жүгіреді шаттанып
Оза келсе шіренеді мақтанып,
Құламауын іштей тілеп ата –ана
Сырттарынан отырады сақтанып.


Маңыраған қойлар келіп өрістен
Жамыраған қозысымен көріскен
Таңертеңнен кешке дейін дамылсыз
Ішіп, жеген азығымен бөліскен.


Жеңгелері шелек ұстап қолына,
Қайнылары әзіл төсеп жолына.
Екеуіғой сиыр сауып қайтатын
Осы кешті жеткізетін соңына.
Апама
Менің апам -
Ізі деймін көненің,
Әр ісінен үлгі-өнеге көремін.
Немереге сөйлетпеген өзгесін.
Жан апама арналады өлеңім.

Менің апам -


Асу бермес дара шың!
Өзгелерден ерекшесің, дарасың.
Менің жұмыр жүрегімде әрдайым,
Баға жетпес асылым боп қаласың.

Менің апам -


Өмірдегі бақытым,
Көңілдегі жақұтым.
Маған ақыл айтқанда
Өтпесе деген уақытым...

Менің апам -


Менің ғана жұмағым,
Төрде жанар шырағым,
Мөлдіреген зәмзәм суым, бұлағым.
Маған ғана тиесілі,

мәңгі таққан тұмарым.

Менің апам -
Жұдырықтай жүрегім...
Өзіңізсіз қалай өмір сүремін?!
Жаратқаннан тек жалынып сұрарым,

Жұмақ төрін нәсіп етші тілерім!...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет