Қалымбек Аян Советұлы



бет52/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69
Байланысты:
olender

Сізді еске алам...
Сізді еске алам...

Жаңбырлар тамшыласа,

Сізді еске алам...

Сан ойлар қамшыласа.


Сізді еске алам...

Минут пен секундтарда,

Сізді еске алам...

Жүрегім тарсылдаса.


Сізді ойлаймын ...

Кей жанға өкпелесем,

Сізді ойлаймын...

Ойларым жоқ демес ем.


Сізді ойлаймын...

Және де ойлай берем


Сол ойлаумен

Қуанып көкке жетем.


Сізді көрем...

Ойыммен қиялдасам,

Сізді көрем...

Жүрекпен жыр арнасам.


Сізді көрем...

Түсімде, оңашада

Бұлқынып,

Өз-өзіме сия алмасам.


Сізді күтем...

Жылдарда, ғасырларда,

Сізді күтем...

Жайларда, жасындарда.


Сізді күтем...

Күтуге жаралғанмын

Асқарларда, таулы өзен тасынғанда.

Өзіңіздей ғаламда асыл бар ма ?!


Жыр өлмейді!
Жыр өлмейді, ешқашан жыр өлмейді,

Жыр бар жерде сезімдер бөгелмейді.

Əр тынысым бұл күнде жырға толы,

Онсыз демім өмірге жөнелмейді.


Шын жүйріктің өмірде жарысы көп,

Ақындығы жетілер шабыты боп.

Мен үшін жүрегімнің бір бөлшегі

Жырымсыз дүниенің маңызы жоқ!


Ақындарым жырларың сарқылмасын,

Сарқылмасын, бір сəтке таусылмасын.

Аспанда билік құрған найзағайдай,

Жалындап, тек биікте жарқылдасын!


Жыр өлмейді, ешқашан жыр өлмейді,

Жыр бар жерде сезімдер бөгелмейді.

Əр тынысым бұл күнде жырға толы,

Онсыз демім өмірге жөнелмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет