гия үшеуінің басын біріктіретін атау
просодология
болу керек.
сингармология
(әуезқұрауыш)
просодология
(сөзқұрауыш)
тонология
(әуенқұрауыш)
акцентология
(екпінқұрауыш)
Сонда просодология жалпы фонетикалық атау мәртебесін
алады да акцентология, тонология және сингармологиядан
бір деңгей жоғары тұрады. Ендеше, тілдік сатының әр дең-
5
гейінде тұрғандықтан, просодология мен акцентология мән-
десім бола алмайды. Просодология жеке-жеке тілдердің сөз
просодикаларының (акцент, тон, сингармонизм) басын бірік-
тіретін атау-ұғым болады.
Сонымен:
- үнді-еуропа флектив тілдерінің (мысалы, орыс) акцентті
(екпіншіл) дыбыс талданым амалы – акцентология;
- оңтүстік-азия буыншыл тілдерінің (мысалы, қытай) әуенді
(буыншыл) дыбыс талданым амалы – тонология;
- орал-алтай агглютинатив тілдерінің (мысалы, қазақ) әуезді
(үндесім) дыбыс талданым амалы сингармология болып шығады.
Сингармология
атауын осы тұрғыдан түсіну керек. Соның
нәтижесінде қазақ (түркі) фонетикасының зерттелім аппаратынан
фонология, фонема, аллофон
ұғым-атаулары шығарылып, оның
орнына
сингемология, сингема, аллосингема
ұғым атаулары
ендіріледі (толығырақ келесі бөлімдерде).
Еңбек жалпы фонетика (общая фонетика) мен қазіргі қазақ (түркі)
фонетикасының өзекті мәселелеріне арналған.
Қазақ фонетикасының зерттелім желісі ғылыми жетістіктеріне
қарай бірнеше дәуірге бөлініп сарапталады. Әлем тілдерінің
жіктелімі өзінше қарастырылып, тілдер тобының жаңаша туыстық
кестесі құрастырылған. Түркі тілдерінің дыбыс құрамын зерттеудің
тың ғылыми аппараты жасалған. Түркі тілтанымындағы сөздік
екпін мәселесі арнайы талданып, жоққа шығарылады. Үндесім
(сингармонизм) түркі тілдерінің іргелі заңдылығы ретінде алынып,
дыбыс талданым соның негізінде жүргізіледі. Қазақ тілінің әліпби,
үндесім және үйлесім дыбыстарының құрамы анықталып, жүйесі
сипатталады. Қазақ сөзінің жасалым (артикуляциялық) құрама
тізбегінің мүмкін болған үлгісі түгел қамтылған. Әрбір ғылыми
тұжырым жасалым (артикуляциялық) пішіндеме (модель), кесте және
сызбалармен тиянақталған. Фонетикалық атаулардың қазақша-орысша
және орысша-қазақша жаңартылған сөздігі берілді.
Еңбек ғылыми мамандарға, жоғары оқу орындарының оқыту-
шылары мен мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орнын бітірген филолог
талапкерлер мен студенттерге арналған, информатика мамандарын да
қызықтырары сөзсіз.
Еңбекте шәкірт-тәлімгерлерімнің зерттелімдері мүмкіндігінше
пайдаланылды, шәкірт-қауымға ризашылығымды білдіріп, олар
туралы мәлімет «әдебиет» тізіміне енгізілді.
6
КІРІСПЕ
Қазақ тілінің дыбыс құрамын зерттеуге арналған еңбектердің басы
баршылық. Зерттелім тарихы ғасырдан асып барады, арнайы фонети-
калық монографиялар мен оқулықтар, жазба мұрағаттардың фонетика-
лық талданымы, диссертациялар мен сөздіктер, мақалалар мен баянда-
малар түрінде көптеп жарық көріп отыр.
Дегенмен әр дәуірдің өзіне лайық, теориялық жетістіктері мен
практикалық талаптарына сай, қазақ тілінің дыбыс құрамы (состав)
мен жүйесін (система) мезгіл-мезгіл тиянақтап отыру, сөз жоқ, қажет.
Көпшілік ғылыми қауымға ұсынылып отырған осы еңбек те сондай қа-
жеттіліктен туындап отыр.
Қазақ (түркі) тілтанымы ғылыми реформаны күтіп тұр, сол рефор-
ма фонетикадан басталу керек. Әлем тілдерінің құрамындағы қазақ
(түркі) тілінің өзіндік орнын тауып беру сол реформаның басы болып
табылады. Сондықтан да әлем тілдерінің туыстық жіктелім белгілерін
қайта қарап шығу негізгі мақсаттың бірі болды. Соның нәтижесінде
қазақ (түркі) тілінің өзіндік заңдылықтарының басы ашылып, соған
лайық зерттелім ғылыми аппараты қалыптастырылды. Сөйтіп қазақ
(түркі) тілтанымына негіз болып келген үстем тілдер теориясынан
арылу арқасында тілдің ақиқат дыбыс құрамы мен жүйесін төл теория
тұрғысынан анықтаудың мүмкіндігі туды.
Бұл бағыттағы ең басты мақсат жалпы түркі тілтанымындағы
сөздік екпін теориясынан арылу болды. Өйткені сөздік екпін теория-
сының үстемдігі түркі (қазақ) сөзінің үндесім табиғатын жоққа шыға-
руға әкеп соқты. Қазақ (түркі) фонетикасындағы жалпы фонетикалық
құбылыстар дұрыс сипатталғанымен, түркі тілдеріне тән бірегей бел-
гілер зерттеушілер назарына ілінбей қалып жатты. Өйткені ондайды
аңғаратын ғылыми аппарат пен зерттеу әдісі болмады. Төркіні бөлек
теориялық пайымдаулардың нәтижесі туыстығы бөлек тілдердің
ішкі заңдылықтарымен үйлеспей жатты. Алынған нәтижелер төл
құбылыстарды не жаңсақ, не жартыкеш түсіндіріп жатты.
Қазақ фонетикасының зерттелім тарихын дәуірлеу нәтижесінде
әр дәуірдің өзіне тән теория-практикалық ұстанымдары мен алынған
нәтижелері анықталды. Қазіргі қазақ фонетикасының құрылымын төл
қазақ фонетикасы, кітаби қазақ фонетикасы және еуропаөзімшіл (евро-
поцентризм) қазақ фонетикасы деп топтастыруға тура келді. Топтасты-
рудың сараптау белгілері ретінде әр бағытқа байланысты қазақ тілінің
7
дыбыс құрамының анықталуы мен сөз просодикасының (сөзқұра-
уыштың) түрі алынды.
Қазақ сөзінің дыбыс жіктелімі үндесім заңдылығына байланысты
талданып, үндесім дыбыстардың құрамы анықталды. Үндесім дыбыс,
үндесім буын, үндесім сөз ұғымдары мен оларға тән жалпы фонетика-
да жоқ атаулар құрамы жинақталды. Қазақ тілі дыбыстарының жаса-
лым (артикуляциялық) пішіндемесі құрастырылды.
Зерттелім нәтижелері қазақ жазуын реформалаудың фонетикалық
негіздемесі болмақ. Әрине, кез келген реформаның өз ауырлығы бар,
ауырлықсыз реформа болмайды. Алайда жазу реформасының ауыр-
лығы өзге реформалардан (саяси, экономикалық т.б.) басым болады.
Өйткені жазу реформасының қиындығы мен ауырлығын әрбір адам өз
басынан кешіреді. Бұрынғы көз үйреніп, қол жаттығып қалған жазу
дағдысынан арыла қою оңайға түспейді.
Жазу реформасы алдымен емле ережемізді ретке салудан басталу
керек. Әліпби құрамын тиянақтап, таңба үлгілерін кірме әріптерден
арылту арқылы қазақ сөзінің буын құрылымын жөнімен жазып, тасы-
мал амалын жөніне салып, ең бастысы, қазақ сөзінің үндесім әуезін
бұзбайтын жазылымға тұрақтау керек.
Қазақ фонетика ғылымының бүгінгі теория-практикалық деңгейі,
біріншіден, қордаланып қалған тіл бұзар өктем емле ережелерінен
арылып, қазақ сөзінің өзіне тән табиғи емле ережелері үлгілерін қа-
лыптастыруға толық мүмкіндік берсе, екіншіден, зерттеушілердің ке-
лер ұрпағына ақиқат жолсілтеме бола алады.
|