БАСТАУ-ТҮСІНІКТЕМЕ СИНГАРМОЛОГИЯ көпшілікке тосын атау болғандықтан, алдын ала қысқаша түсініктемеден (кейінірек толық беріледі) бастаған жөн. Жалпы лингвистикада, оның ішінде орыс лингвистикасы да бар, просодика мен акцетология, морфологиялық бейсәйкестігіне қарамай, мәндесім (синоним) атаулар болып келеді. Лингвисти- калық сөздіктердің бәрінде просодика да, акцентология да «сөз екпінін (словесное ударение) зерттейтін фонетиканың саласы» деп түсіндіріледі. Егер осы анықтама дұрыс болса, онда просодиканың буыншыл тілдердегі сөзқұрауыш тонға да, жалғамалы тілдердегі сөзқұрауыш сингармонизмге де қатысы болмай шығады. Өйткені оның зерттеу нысаны сөздік екпін делінген. Соның нәтижесінде тон мен сингармонизмді қамтитын «просодика» не атымен жоқ бо- лады, не әлі басы ашылмаған болып шығады. Егер сөздік екпінді зерттейтін фонетика саласы акцентология болса, онда ұқсастық (аналогия) жолымен тонды зерттейтін фоне- тика саласы тонология, ал сингармонизмді зерттейтін фонетика саласы сингармо[но]логия (ықшам болу үшін сингармология делін- ді) болу керек. Олар әртүрлі туыс тілдердің тобына тән болғандықтан, атаула- ры әртүрлі болса да, оларға тілдік мәртебесі тең және тілдік сөзқұра- уыш қызметі бірдей сөз просодикаларының басын біріктіретін ор- тақ атау қажет болады. Акцентология, тонология және сингармоло- гия үшеуінің басын біріктіретін атау просодология болу керек. сингармология (әуезқұрауыш) просодология (сөзқұрауыш) тонология (әуенқұрауыш) акцентология (екпінқұрауыш) Сонда просодология жалпы фонетикалық атау мәртебесін