157
7.50-сурет. Ш
ө
, Ж
ө
, Л
ө
дауыссыздарының үйлесім моделі
6.50-сурет. Ш
ө
, Ж
ө
, Л
ө
дауыссыздарының үйлесім моделі
Дауыссыздардың үйлесім моделінің көрнекі сипаттамасы дауыс-
сыздардың жасалу орнына қарай топтастырылып берілді. Дыбыс-
тардың үйлесім түрленімі (үндесім түрленім тәрізді) жүйелі
көрінетінін ескерсек, онда көрнекі суреттің үйлесім белгілері барлық
дауыссыздарға ортақ болып шығады.
Қазақ тілі дыбыстарының үйлесім тіркесімі
Қазақ тіліндегі дыбыстар өзара артикуляциялық үйлесімін тапқан-
да ғана бір-бірімен тіркесіп, бір буынға (сөзге) біріге алады. Ол үшін
бір буынның (сөздің) құрамындағы дыбыстардың үйлесім белгілері
бірдей болу керек. Сонда ғана қазақ тіліндегі буын (сөз) біркелкі үй-
лесім әуезбен айтылады, сөйтіп қазақ сөзі қазақы жатық естіледі. Өйт-
кені қазақ сөзінің үйлесім құрылымы мен үйлесім естілімінің арасында
тікелей байланыс бар. Басқаша айтқанда, сөздің үйлесім жасалымынан
(артикуляциясынан) үйлесім естілім (перцепция) туындап, сөз табиғи
(акцентсіз) қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: