Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Қазақтың төл дыбыстарын түгендеп, соған лайықтап таңба



Pdf көрінісі
бет128/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   221
Қазақтың төл дыбыстарын түгендеп, соған лайықтап таңба 
санын ықшамдау А.Байтұрсынұлынан басталған болатын. Сол 
кезде таңба санын қорғаштап Ахаңның «жағасынан алғандар» 
болған. Оларға Ахаң «таңбаларды қысқартып, артығын борышы-
ма берейін деп отырған жоқпын» деген екен. Менің де 42 таңбаны 
байлығымыз деп масаттанып отырған ағайындарымызға айта-
рым: артық таңбаларды еншілеп кетейін деп отырған ойым жоқ.
Сонымен, қазақ тілінің төл дыбыстары: 
а, ә, б, ғ(-г), д, е, ж, з, й, қ 
(-к), л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у(w), ұ, ү, ш, ы, і. Бас-аяғы 26(-28) дыбыс. 
Осы дыбыстардың сыртында қазақ тілінің дыбыстарын іздеп әуре бол-
мау керек, өзге дыбыс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүрген 
у таңбасының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі кездесетін, «ерін-еріндік, 
жуысыңқы, үнді 
[w] дауыссыз дыбысы» болып табылады: ау [aw], ауа 
[awa], әу [äw], әуе [äwe], су [suw], суы [suwu], у [uw], уық [uwuq], уіл 
[üwül], күлу [külüw], аю [ayuw], үю [üyüw] т.с.с. Мұндай дауыссыз 
дыбыс орыс тілінде жоқ, ал ағылшын тілінде бар, көріп отырсыздар, 
қазақ тілінде де бар. 
Мен латын графикасын тек осы төл дыбыстар үшін ғана құрастыр-
ған едім. Ондағы ойым, алдымен қазақ сөзінің үндесім әуезіне лайық 
әліпби үлгісін дайындап алу болатын. Ондай әліпби, егер қазақ тілінің 


195
қамын шын ойласақ, бөгде тілдің дыбыс-таңбасынан арылған таза
қоспасыз болу керек. Ал өзге орыс тілінен енген кірме дыбыстар мен 
таңбалар жайын, басқа амалдың жоқтығынан, өз алдына шешу керек 
деп, екінші кезектегі мәселе ретінде ескертіп отыратынмын. Және оның 
үлгісін алыстан іздемей-ақ, орыстардың өздері көрсетіп отырғанын да 
еске салып қоятынмын. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет