Тілдік қатынас негіздері Тақырып: Тіл мен таңба
Мұратбек Бағила Құрманбекқызы Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, (қауымдастырылған профессор) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Қазақ филологиясы» кафедрасы
2022-2023 оқу жылы
Таңба мәселесі туралы көне ғасырларда әйгілі философтар Аристотель мен Демократтың еңбектері бар. Ертедегі грек философтары мен грамматиктері екі бағыт ұстанды: біріншіден, тілдің элементтері (сөз, сөйлем) таңба болып саналады; екіншіден, осы таңбалар адамның ойымен байланысты. Кейіннен философиядағы «стоиктер» («стоицизм») мектебі де тілдегі таңба мәселесімен айналысты.
Тіл семиотиканың бір аспектісі ретінде теоретикалық мәселе болып ХVІІІ ғасырда тіл білімінен бөлек қаралатын болды. XIX-XX ғ.ғ. тілдің таңбалық элементтері тарихи-салыстырмалы лингвистика мен логикада қарастырылады. Басты философиялық бағыт ретінде бұл идея XX ғасырда барлық лингвистикалық, психологиялық, логикалық, эстетикалық ғылым салаларында ерекше орын алды.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда таңба проблемасымен философтар Д.Локк,_Г.Кондильяк'>Д.Локк, Г.Кондильяк айналысады. XIX ғасырда американдық ғалым Д.Локк жалпы адамзат тілін: табиғи тіл және философиялық тіл деп бөледі. Ол осы екі тілдің ішіндегі философиялық тіл ғылыми ұғымдардың тілі болуға тиіс деп есептейді. Философияда сөз бен сөйлем материалдық таңба болып табылады.
Д.Локк сөз мағынасы мен таңбаның арасындағы байланыс шартты түрде болады, тілдегі таңбалық қасиет осы қатынасқа негізделеді десе, Н. Винер таңбалық теорияны коммуникативтік күйде алып қарастырады.
Таңбалық жүйенің шығу тарихын кейбір ғалымдармен (Пирс, Доррис) т.б. байланыстырады. Жеке ілім ретінде бұл өмірдің заңдылығынан, әлеуметтік даму қажеттілігінен туғаны анық. Бұл ғалымдар – оны алғаш рет теория жүзінде дәлелдегендер. «Тіл – таңбалар жүйесі» деген мәселенің кең көлемде қойылуы Ф.де Соссюрдің «Жалпы лингвистика курсы» деген кітабының жарыққа шыққан кезінен басталады.
Ф.де Соссюр тілді таңбалар системасы деп есептейді де, оны таңбалардың кез келген жүйесімен қатар қойып, солармен барабар деп таниды. Ол былай деп жазды: «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек, оны жазумен, сөйлеу алмайтын жандар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді әдет-ғұрыптармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т.б. салыстыруға болады. Тіл - тек осы жүйелердің ішіндегі өте маңыздырағы».