9
Алғашқы дәуірге қатысты жетістіктер деп зерттеушілердің үн-
десім (сингармонизм) құбылысының сырын дұрыс түсініп, ол туралы
теориялық пайымдаулар ұсынғанын, сондай-ақ қазақ тілінің дыбыс
құрамын дәл анықтап, ерін үндестігін сөздің аяғына дейін жеткізіп
бергендігін айтуға болады.
Сонымен қатар кейбір сөздердің жазылымындағы үнді
й, у дауыс-
сыздарының дауыстылармен (әсіресе, қысаң дауыстылармен) тіркесін
дұрыс анықтай алмаған сәттері болғанын да айта кету керек.
Алғашқы зерттеушілердің ғылыми зерттеу әдісі қазақтардың сөзін
бетпе-бет тыңдап алып, дыбыс құрамын естілім түйсінімі арқылы
анықтау болғандықтан, қазақ фонетикасының бастапқы зерттелім
дәуірін
естілім зерттелім (слуховая фонетика) дәуірі деп атаймыз.
Өйткені естілім дәуірінің жазба мұрағаттары қалай естілсе, солай
жазылған күйінде бізге жетіп отыр. Сол кездегі қазақтардың сөйлеу
әрекетін көз алдымызға елестетіп, сол кездегі сөздің дыбыс құрамын
құлағымызбен тыңдап отырғандаймыз. Оның басты құндылығы да
осында.
Достарыңызбен бөлісу: