131
Дауысты тілдің тік қалпына қарай –
жоғарылы,
ерін қатысына
қарай –
қысаң езулік, тілдің көлденең қалпына қарай –
ілгерінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері:
жоғарылы, қысаң езулік, ілгерінді да-
уысты дыбыс.
Ұ дыбысы (6.3-сурет)
7.3-сурет. Ұ және Ү дауысты дыбыстарының үйлесім
моделі
6.3-сурет. Ұ және Ү дауысты дыбыстарының үйлесім моделі
Ұ дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы
жасалады. Тілдің тік қалпына қарай
жоғарылы дауысты дыбыс болып
табылады.
Ұ дыбысын айтқанда ерін дөңгелене доғалданып тұрады.
Еріннің қатысына қарай
доғал еріндік дауысты дыбыс болып табылады.
Ұ дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының кейінгі жартысына орналасады.
Тілдің көлденең қалпына қарай
кейінді дауысты дыбыс болып табылады.
Дауысты тілдің тік қалпына қарай –
жоғарылы, ерін қатысына қа-
рай –
доғал еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай –
кейінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері:
жоғарылы, доғал еріндік, кейінді да-
уысты дыбыс.
Ү дыбысы
Ү дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы
жасалады. Тілдің тік қалпына қарай
жоғарылы дауысты дыбыс болып
табылады.
Ү дыбысын айтқанда ерін дөңгелене доғалданып тұрады.
Еріннің қатысына қарай доғал еріндік дауысты дыбыс болып табыла-
ды.
Ү дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының ілгері жартысына орнала-
сады. Тілдің көлденең қалпына қарай
ілгерінді дауысты дыбыс болып
табылады.
Дауысты тілдің тік қалпына қарай –
жоғарылы, ерін қатысына қа-
рай –
доғал еріндік, тілдің көлденең қалпына қарай –
ілгерінді дыбыс.
Үйлесім жасалым белгілері:
жоғарылы, доғал еріндік, ілгерінді
дауысты дыбыс.