1.
Фактілер мен құбылыстарды бақылау.
2.
Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою.
3.
Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау.
4.
Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексе-
ріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу.
Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы
заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну,
түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз
оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі се-
зімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған
дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Оқу үдерісінде баланың қызығушылығын, өздігінен үйрену, танып бі-
лу белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс формала-
рын ұйымдастыруға үйретуді. Қоршаған айналаныдың жалпы әдісте-
месінің аса маңызды міндеттерінің бірі-ғылым ретінде жаратылыс пен
оқу пәні ретінде қоршаған айналаны арасындағы байланысты анықтап
береді.
Достарыңызбен бөлісу: