лар жүргізу әдістемесі табиғаттану ұғымдарын
қалыптастыруға қажетті
нақтылы сезім негізін құруға көмектесті. П.А.Завитаев заттық сабақтар-
дың жүйесін жасады, оларды оқыту мазмұны мен әдістемесін анықтады.
Бұдан басқа, ол қоршаған айналаныдың материалдық базасын жетіл-
діруде, құрал–жабдықты сабақтарда пайдалану әдістемесін жасауда көп
еңбек етті. Ол «1-4 сыныптардағы экскурсиялар мен заттық сабақтар»,
«1-4
сыныптардың оқу-тәжірибе учаскесі», «1-4 сынып оқушыларының
оқу-тәжірибе учаскесіндегі еңбегі» әдістемелік еңбектерін шығарады.
Сонымен бірге ол қоршаған айналаны оқушыларға политехникалық білім
берудің баспалдағы деп есептеді.
П.А.Завитаев табиғаттану сабақтарында жабдықтар мен көрнекі құ-
ралдарды қолдану әдістемесін жетілдіру жөнінде көп жұмыс жасады. «1-
4
сыныптарда табиғат зерттеуге байланысты
сабақтардың жабдықта-
ры», «Бастауыш сыныптарда қоршаған айналаны сабақтарында тәжіри-
бе жүргізуге арналған жабдықтар» сияқты әдістемелік құралдар жазды.
Михаил Николаевич Скаткин (1900-1984) жиырма жылдан астам
уақыт бойы мектептегі қоршаған айналаны бағдарламалары мен 3-4
сынып оқулықтарының авторы болды. Ол табиғаттануды оқыту әдісте-
месі мәселелеріне көп көңіл бөлді, бұл курстың дербес оқу пәні болып
бөлініп шығуына елеулі үлес қосты. Ол оқушылардың танымдық әрекетін
күшейту, бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру прин-
циптерін жасады. М.Н.Скаткин
көрнекі құралдардың, таблицалардың,
картиналардың, коллекциялардың, кинофильмдердің, сондай-ақ оларды
сабақтарда қолдануға арналған әдістемелік құралдардың тұтас серия-
сын жасап шығарды. Ол профессор К.П.Ягодовскиймен бірлесіп табиғат
күнтізбесін жасады, оған оқушылардың өлі және тірі табиғаттағы өзге-
рістерді бақылау нәтижелері енгізілді.
60-
жылдары оқу жоспарлары, оның
ішінде табиғаттану бағдарла-
масы жаңадан қайта жасалды. Енді бұл пәнді оқып-үйрену 2-4 сыныптан
басталды. Бағдарламаның негізіне өлкетану принципі алынды, оның
ауқымында оқушылар табиғат пен адамның шаруашылық қызметін оқып-
үйренді. 2-сыныптағы тақырыптар маусымдық принципі бойынша орна-
ластырылды, бұл оқушылардың табиғат құбылыстары мен адамның ша-
руашылық қызметін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
3-
сыныпта оқушылар табиғат құбылыстарымен және өзі тұратын
жердегі қоғамдық өмірмен тікелей танысады. Бағдарламадағы дүниетану
принципі оқушылардың жер шары,
мұхиттар мен материктер, жердің
формасы мен қозғалысы, елдің табиғат зоналарымен танысуы арқылы
жүзеге асырылды. Бұдан басқа, мұнда
адам ағзасы мен денсаулықты
қорғау мәселелері оқытылды. Табиғаттануды оқып–үйрену 4 - сыныпта
аяқталды.
Сонымен қазіргі дүниетануды оқыту әдістемесінің дамуы осындай
кезеңдерден өткен. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін Қазақстан республи-
касы жалпы білім беретін мектептің бастауыш стандартына сәйкес «Ата-
мұра» бағдарламасын енгізу шешілді. Дүниетану-оқу жоспарында жаңа
пән болып, ол «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарынан тұрады.
Бұл пән бұрынғы бастауыш сыныптарда оқытылған «Айналамен та-
ныстыру» (1-2 сыныптар), «Табиғаттану (3-4 сыныптар) пәндерін алмас-
тырады. Мұнда 1-4 сыныпқа дейін дүниетану
пәні жеке пән ретінде, әр
сыныпқа даярланған бағдарламаға сәйкес жүргізілу тиіс болды.
Достарыңызбен бөлісу: