Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? Қалыптастырушы бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін үздіксіз жүргізілетін бағалау түрі.Қалыптастырушы бағалау білім беру процессінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.
Қалыптастырушы бағалау технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті, әр сабақта, ауызша, жазбаша, жоба қорғау түрінде қолданылады. Бағалау барысында біз үнемі оқушыны емес оның жұмысын бағалап жатқанымызды есте ұстауымыз қажет, демек жұмысты тексеру барысында оның кемшіліктерін емес оң тұстарына көбірек мән беруіміз қажет. Оқыту нәтижесінде оқушылардың нені білетініне және түсінетініне көз жеткізу үшін әр түрлі мәліметтерге терең талдау жүргізу процесі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері:Оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.
Қалыптастырушы бағалау үдерісіҚалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей əсер ететін үдеріс болып табылады. Мұғалімнің іс-əрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді: