Қалыптастырушы бағалау Орындаған: Досымбай Гүлшат



Дата09.11.2022
өлшемі2,9 Mb.
#48901
Байланысты:
бағалау

Қалыптастырушы бағалау

Орындаған:Досымбай Гүлшат


Критериалды бағалау
Қалыптастырушы бағалау - оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, оқу үдерісін балл және баға қоймай-ақ дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді және мұғалім үздіксіз өткізіп отырады
Тоқсандық жиынтық бағалау
Әр тоқсанды аяқтаған кезде мұғалім өткізеді
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
Әр тоқсанда мұғалім 2-3 рет өткізеді
Білім беру деңгейлерінің соңындағы жиынтық бағалау
Бастауыш, негізгі және жоғары сыныпты аяқтаған кезде сыртқы ұйым (ҰТО) өткізеді
Жиынтық бағалау - белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша балл және баға қою арқылы өткізіледі

Қалыптастырушы бағалау

  • Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады:

  • Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
  • Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
  • Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.
  • Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай етіп ынтымақтастыру.
  • Оқушы өз оқуы барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде қабылдау.

Мұғалімнің іс-әркетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
  • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
  • оқыту мен оқу үдерісінің бөлігі ретінде қалыптастырушы бағалау жүргізу;
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
  • кері байланыс ұсыну;
  • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау негізінде оқу мен оқытуды түзету.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

  • Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді анықтау және оқушыларға беру;
  • Нені және қандай деңгейде түсінгенін/қол жеткізгенін дәлелдеуге көмектесетін сыныпта нәтижелі талдау үшін арнайы ортамен және басқа іс-шарамен қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың дамуына ықпалын тигізетін нақты кері байланыспен қамтамасыз ету;
  • Бірін-бірі бірлесе оқытудың көзіне айналдыру үшін оқушыларды бірігуге шақыру

Қалыптастырушы бағалау
Өткізіледі
Мұғалім және оқушының қатысуымен тоқсан барысында
Ақпараттандырады
  • материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады;
  • оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады

Оқушының қызметі
Оқу үдерісіне белсене қатысады;
Бағалау критерийлері мен дескрипторларды түсінеді;
өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды
Мұғалімнің қызметі
  • оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады;
  • бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады;
  • тапсырмаға дескриптор құрастырады;
  • оқушыларға тиімді кері байланыс береді;
  • оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді;

Өткізілу формасы
жеке
Топпен
ауысатын топтар құрамында
Біз неліктен қалыптастырушы
бағалауды пайдаланамыз?
Ілгерілеуді өлшеу
Оқушыларды ынталандыру
Мұғалімдердің қажеттілігін анықтау
Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау
Тиімді кері байланыс беру
Оқу мақсаттарын
бағалау
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҮЛГІСІ
Бағалау формалары
Өзін-өзі бағалау
Топтық бағалау
Өзара бағалау
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ТЕХНИКАСЫ
«Бағдаршам»
Жасыл - бәрі түсінікті,
сары - күмәнданамын,
қызыл – қиналамын
ӨЗАРА БАҒАЛАУ
ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет