Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Алгебра 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет12/12
Дата25.11.2023
өлшемі1,19 Mb.
#128128
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
!1-ФО Алгебра 8 сынып қаз (1)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дисперсияны есептейді

  • Орташа квадраттық ауытқуды есептейді




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
8-сыныптағы 20 білім алушы сөзжұмбақ шешуден сайыс ұйымдастырды. Сайыс соңында жауабы табылмаған сөздердің санын әр білім алушы үшін анықтады. Мәліметтер төмендегі кестеде берілген:



Жауабы табылмаған сөздер саны

0

1

2

3

4

Білім алушы саны

2

1

8

х

4




  1. Үш сөздің жауабын таба алмаған білім алушылар санын анықтаңыз;

  2. Дисперсияны және орташа квадраттық ауытқуды табыңыз.



Дескриптор: Білім алушы
- белгісіз элементті табады;
- арифметикалық ортаның мәнін табады;
- дисперсияны табу үшін формуланы қолданады;
- дисперсияны есептейді;
- орташа квадраттық ауытқуды есептейді.





4-ТОҚСАН

Бөлім: «Теңсіздіктер»


Оқу мақсаты

8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешу



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Квадрат теңсіздіктерді шешеді

  • Квадрат теңсіздіктерге келтірілетін есептерді шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

1-тапсырма
Теңсіздікті шешіңіз:
а) ;
b) ;
c) ;
d) ;
e) .


Дескриптор: Білім алушы
- теңсіздікті шешу тәсілін таңдайды;
- функция нөлдерін табады;
- функция нөлдерін сан осіне белгілейді;
- графигін салады/таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;
- жауабын жазады.


2-тапсырма
Функцияның анықталу облысын табыңыз:

b)


Дескриптор: Білім алушы
- функция анықталатындай, квадрат теңсіздік құрастырады;
- теңсіздікті шешу тәсілін таңдайды;
- квадрат теңсіздікті шешеді;
- функцияның анықталу облысын жазады.


3-тапсырма
Бейсбол добын таяқшамен соққан кезде t (сек), ( уақытында доптың биіктігі h болып, траекториясы теңдеуімен өрнектелді. Қандай уақыт аралығында доптың биіктігі 52 метрден артық болды?


Дескриптор: Білім алушы
- есеп шартына сай, квадрат теңсіздік құрастырады;
- теңсіздікті шешу тәсілін таңдайды;
- квадрат теңсіздікті шешеді;
- есеп шартына сәйкес жауабын жазады.


Бөлім: «Теңсіздіктер»


Оқу мақсаты

8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Рационал теңсіздіктерді шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

1-тапсырма
Теңсіздікті шешіңіз:
а)
b) ;
c)
d)


Дескриптор: Білім алушы

  • рационал теңсіздікті шешудің тиімді тәсілін таңдайды;

  • айнымалының мүмкін мәндер жиынын анықтайды;

  • өрнекті нөлге айналдыратын нүктелерді табады;

  • сан осіне өрнекті нөлге айналдыратын және анықталу облысына кірмейтін нүктелерді белгілейді;

  • таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;

  • жауабын жазады.



2-тапсырма
Теңсіздікті шешіп, барлық теріс бүтін шешімдерін табыңыз:



Дескриптор: Білім алушы

  • көбейткіштерді нөлге айналдыратын нүктелерді табады;

  • сан осіне өрнекті нөлге айналдыратын нүктелерді белгілейді;

  • таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;

  • теңсіздіктің шешімінен теріс бүтін сандарды теріп жазады.






Бөлім: «Теңсіздіктер»


Оқу мақсаты

8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

1-тапсырма
Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:
a)

b) ;


c)


d) .




Дескриптор: Білім алушы

  • жүйедегі сызықтық теңсіздікті шешеді;

  • алынған сан аралығын оське белгілейді;

  • жүйедегі квадрат теңсіздікті шешеді;

  • алынған сан аралықтарын оське белгілейді;

  • сан осіндегі шешімдердің қиылысуын табады;

  • есептің жауабын жазады.



2-тапсырма
х-тің қабылдайтын мүмкін мәндер жиынын анықтаңыз:



Дескриптор: Білім алушы

  • әрбір түбір астындағы өрнектің анықталу облысын анықтайды;

  • екі теңсіздіктен жүйе құрады;

  • жүйедегі сызықтық теңсіздікті шешеді;

  • алынған сан аралығын оське белгілейді;

  • жүйедегі квадрат теңсіздікті шешеді;

  • алынған сан аралықтарын оське белгілейді;

  • сан осіндегі шешімдердің қиылысуын табады;

  • есептің жауабын жазады.


Бөлім: «Теңсіздіктер»


Оқу мақсаты

8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Квадрат теңсіздіктер жүйесін шешеді

  • Квадрат теңсіздіктер жиынтығын шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

1-тапсырма
Теңсіздіктер жүйесін шешіп, барлық оң бүтін түбірлерін табыңыз:



Дескриптор: Білім алушы
- бірінші квадрат үшмүшеліктің түбірлерін табады;
- квадраттық үшмүшеліктің таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;
- бірінші теңсіздіктің шешімін жазады;
- екінші квадрат үшмүшеліктің түбірлерін табады;
- квадраттық үшмүшеліктің таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;
- екінші теңсіздіктің шешімін жазады;
- сан осіндегі екі теңсіздіктердің шешімдерінің қиылысуын табады;
- табылған шешімнен оң бүтін түбірлерді теріп жазады;
- есептің жауабын жазады.


2-тапсырма
Теңсіздіктер жиынтығын шешіңіз:





Дескриптор: Білім алушы
- бірінші квадрат үшмүшеліктің түбірлерін табады;
- квадраттық үшмүшеліктің таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;
- бірінші теңсіздіктің шешімін жазады;
- екінші квадрат үшмүшеліктің түбірлерін табады;
- квадраттық үшмүшеліктің таңба тұрақтылық аралықтарын анықтайды;
- екінші теңсіздіктің шешімін жазады;
- алынған сан аралықтарын оське белгілейді;
- сан осіндегі шешімдердің бірігуін табады;
- есептің жауабын жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет