Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты
2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма Мәтінді түсініп оқы.
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
- Ата, «маңдай тер» деген не? – деп сұрады Хамит.
Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.
Қолына күрек ұстатты:
- Қане, екі-үш көшет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.
Хамит пора-порасы шығап терледі.
Күз тарта көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Сондай дәмді!
- «Маңдай тер» деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі.
Хамит атасын құшақтай алды.
Сұрақтарға жауап бер.
Атасы Хамитке «маңдай тер» деген ұғымды қалай түсіндірді?