Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып



бет20/42
Дата23.10.2023
өлшемі218,64 Kb.
#120647
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі -emirsaba.org

Бағалау критерийі


Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Өлеңді көркем етіп көшіріп жаз.

Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң,


Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
(Жүсіпбек Аймауытов)




Дескриптор


Білім алушы
  • -өлеңді қатесіз көшіреді;


  • -әріптердің биіктігін, мөлшерін сақтап жазады;


  • -әріптердің көлбеулігін сақтап жазады;


  • - әріптерді дұрыс байланыстырып жазады;






Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету




Оқу мақсаты

2.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құраған сөйлемін толықтыру






Бағалау критерийі


Білім алушы
Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп жазады


Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Есте сақтау диктанты
  • Берілген жұмбақты түсініп оқып, жаттап ал. Жұмбақтың шешуін тап.



Дала тегіс сарғайды,


Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(___________)

  • Өлеңді жатқа жаз.


  • Жазба жұмысыңды жұмбақтың бастапқы нұсқасымен салыстыр. Қателері болса тауып, түзет.


  • Қате жіберілген сөзді есте сақтай отырып, қайталап жаз.


  • Сол сөзді қатыстырып сөйлем құрастыр.






Дескриптор


Білім алушы
-жұмбақтың шешуін табады;
-жұмбақты жатқа жазады;
-жіберілген қателерді тауып, түзетеді;
-қате жіберілген сөзді қайталап жазуда сауаттылықты сақтайды;
-берілген сөзбен сөйлем құрастырады.





Бөлімше 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау



Оқу мақсаты

2.3.7.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)қою





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді ажыратады.


  • Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.






Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну


Қолдану


1-тапсырма
Сөйлемдердің соңынан тиісті тыныс белгісін қой.



Дескриптор




Білім алушы
-айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлерін ажыратады;
-сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.


2-тапсырма

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қой.

Әсел

айтады


ән

Отан


туралы

1)


тартады

Болат


домбыра

2)


Концерт

қоясыңдар

сендер

ма
3)

Қандай

керемет


даусы
4)


Дескриптор


Білім алушы
-берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып жазады;
-сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қояды.



Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау




Оқу мақсаты

2.4.2.6 Сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды.






Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну


Қолдану


Тапсырма
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.


Шағала көлін қорғайды,
Шопан төлін қорғайды.
Егінші жерін қорғайды,
Ер жігіт елін қорғайды.


Дескриптор


Білім алушы
-сұрақ қою арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтайды;
сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсетеді.

Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.






Дескриптор


Білім алушы
-берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып жазады;
-сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс сақтайды.

3-тоқсан


Тыңдалым және айтылым





Бөлімше 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну


Оқу мақсаты

2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Мәтіннен түсінбеген сөздерін белгілеп, мағынасын анықтайды


  • Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді






Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну


Қолдану




Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіндегі мағынасын түсінбеген сөздерді түртіп ал.
Адамның денсаулығының жақсы болғаны – елдің байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының жақсы болуына назар аудару керек. Спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтану керек. Сонда ғана оның көңіл күйі көтеріліп, әрқашан белсенділік танытады.




Дескриптор




Білім алушы
-тыңдаған мәтін бойынша түсінбеген сөздерді түртіп алады;
- сөздердің синонимін табады;
- берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.






Бөлімше: 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау


Оқу мақсаты

2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды






Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары




Тапсырма
Суретті пайдаланып, берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің не туралы болатынына болжау жаса. Шағын мәтін құрастырып айт.


Тақырып: Денің сау болу үшін . . .
Тірек сөздер: тазалық сақтау, спортпен шыұғылдану, денсаулықты жақсартады, пайдалы, дұрыс тамақтану, дұрыс отыру, қимыл, күн тәртібін сақтау













Дескриптор



Білім алушы
- тірек сөздер мен суретті орынды пайдаланады;
- мәтіннің мазмұнын тұспалдап айтады;
- ойын тиянақты, жүйелі жеткізеді;
- ұсынылған тақырып бойынша өзара байланысқан, жүйелі мәтін құрастырады.




Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану


Оқу мақсаты

2.1.3.1 Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу





Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Өмірлік жағдаяттарға байланысты сұхбатқа қатысады.






Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суреттерге мұқият қара.
  • Аталған мерекелер туралы не білесің?


  • Мұндай мерекелерге қатысып көрдің бе?



Бесікке салу




Тілашар

Тұсау кесу




  • Кез-келген суретті таңдап алып, сол тақырыпта әңгімелесіңдер.


Жұпта бір-біріңе сұрақ қойып, сұраққа жауап беріңдер.





Дескриптор



Білім алушы
- суреттерге қатысты сұрақтарға жауап береді;
- тақырып бойынша сұхбатқа қатысады;
- жағдаятқа байланысты сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді;
- сөйлеу барысында қарым-қатынас жасау мәдениеті нормаларын сақтайды.




Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау


Оқу мақсаты

2.1.4.1 Тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау





Бағалау критерийі


Білім алушы
Тірек сөздер арқылы берілген тақырыпқа әңгіме құрастырады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма
Тірек сөздерді мұқият тыңда.


Тірек сөздер: спортпен айналысу, жаман әдеттер, серуендеу, дұрыс тамақтану, аулақ болу, шынығу, денсаулық.
  • Суреттер мен тірек сөздерді қолданып «Денім сау болсын десең... » тақырыбына әңгіме құрастырып айт.







Дескриптор




Білім алушы
-тақырыпқа сәйкес жүйелі әңгіме құрастырады;
-тірек сөздерді орынды қолданады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
-сөйлеу барысында лексика-грамматикалық нормаларды сақтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет