2.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсың? Сіз не ұсынар едіңіз? т.б.) назарын аударту
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тыңдаушының назарын аудару үшін қимыл, ым-ишара, дауыс интонациясын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Мәтінді тыңда.
Серік пен қарындасы Айгүл жазда нағашыларына жиналды. Айгүл: «Алақай, біз ауылға кетеміз!» - деп қуанышын достарына жеткізе алмай риза.
Олар ауылға да келді.Нағашылары олардың келгеніне қатты қуанды. Балалар да мәз-мейрам.
Айгүл, бойың өсіп, ақылың толып, жақсы өсіпсің, құлыным, – деп әжесі
де қуанышын жеткізді.
Әже, біздің ауылымыз қандай керемет! Айнала – таулы орман, бау-бақша,
сарқырап аққан өзен! Мен өз ауылымды сондай жақсы көремін! – деді бір кезде Серік.
Мәтінге сүйеніп, Серіктің атынан ауылдың көрінісін сипатта. Сөйлеу барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағы мен қимыл-әрекеттерді қолдан.