Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде ) 2-сынып


Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау



бет7/42
Дата23.10.2023
өлшемі218,64 Kb.
#120647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі -emirsaba.org

Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау



Оқу мақсаты

2.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау






Бағалау критерийі


Білім алушы
  • Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды







Ойлау дағдыларының
деңгейлері

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары








Тапсырма
Мәтінді дауыстап оқы.

Жағыпар мен Жапар көлге күн ұзақ қармақ салып, бірнеше шабақ ұстап алды. Оны өздерінің шелектеріне тазалап салып, астына от жағып пісірді. Сорпаға қосатын не тұз, не пияз, не бұрыш жоқ. Сонда да піскен соң, таза ауада рақаттанып іше бастады. Біріне-бірі:

- Сорпа дәмді болды, - десіп қояды.
Күн еңкейе бұлардың қасына қой бағып жүрген Жарылғап келді. Ол әзілдеп:
- Сорпа дәмді болсын, - деді.
- Өзі де дәмді, - деді Жағыпар.
- Аттан түсіп, дәм тат, - деді Жапар.
Жарылғап атын байлап қойып, бірге отырып сорпа ішті:
- Балықтың сорпасына еңбектерің сіңген екен, термен келген ас дәмді, сіңімді болады, - деді күліп.
Жағыпар мен Жапар біріне-бірі жымия қарасты.
(Мәдіхат Төрежанов)

  • Мәтінге ат қой. ______________________________________________



  • Мәтіндегі негізгі ойды анықта.


___________________________________________________________________





Дескриптор Білім алушы
  • мәтінді дауыстап, қатесіз оқиды;


  • мәтіннің тақырыбын анықтайды;


  • автордың мәтін арқылы айтқысы келген басты пікірін тұжырымдайды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет