Болымды, болымсыз етістіктерді жазба жұмысында қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндегі көп нүктенің орнына сөйлем мағынасына қарай болымды және болымсыз етістіктерді қойып жазыңыз.
Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше ғасыр бұрын пайды бол... . Олар қазіргі кітаптарға мүлдем ұқса... . Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жас... . Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп, соған да жаз... . Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жаз... . Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз ХІІІ ғасырда пайда бол... .
Ал кітаптың мекені - кітапхана грек тілінен аударғанда «кітап сақтайын орын» деген мағынаны білдір... . Кітапхананың өзіне сай ережесі бар. Мысалы, кітапханада шулауға бол ... . Кітапханада кітаптар тек сақталып тұр..., оқырмандар оларды қажетіне жарату үшін үйге жаздырып ал... . Сондықтан кітапты уақытында қайтаруды ұмыт... керек. Кітап өзіңдікі болса да, кітапхананікі болса да, беттерін шимайлап, сызуға бол... .
«Көп жасаған біл..., көп оқыған біл...» дегендей, кітап оқуды үнемі әдетке айналдырсақ, рухани жан дүниеміз кеңей... .
Дескриптор Білім алушы
- болымды және болымсыз жұрнақты дұрыс жалғап жазады.
3-тоқсан
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну