Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет26/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Дескриптор Білім алушы

  • мәтін мазмұнын жұбына баяндайды;

  • жұбын мұқият тыңдайды;

  • тыңдалған ақпарат бойынша жұбына екі сұрақ қояды;

  • жұбының қойған екі сұрағына лайықты жауап береді.






3-тапсырма

«Кітапханаға барғанда...» тақырыбында жұпта кітапханашы мен оқырман арасындағы диалог құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы

  • өз рөліне (кітапханашы, оқырман) қатысты үш сұрақ дайындайды;

  • жұбының сұрақтарына лайықты жауап береді.





Оқу мақсаты

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау



Бағалау критерийі



Білім алушы



Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну





1-тапсырма
Мәтінді оқып, оған ат қойыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
______________________________

Ертеде жалғыз ұлы бар кедей әйел болыпты. Өлер алдында әйел баласына: – Саған үлкен байлық қалдырамын. Оны маған бір ғұлама берген болатын. Ол кітапта байлыққа жету жолы жазылған. Бірақ оқуға уақытым болмады. Бірақ сен кітапты оқып, кедейліктен құтыл! - дейді.


Баласы анасынан қалған ескі кітапты оқуды бастайды. Кітаптың бірінші бетінде былай жазылыпты: «Қазынаға жету үшін кітаптың әр бетін кезегімен оқыңыз. Бір бетін оқымай, екіншіге өтпеңіз. Егер де шыдамсыздық танытып, дереу соңғы бетін ашсаңыз, кітап жоқ болып кетеді. Содан кейін қазынаға ешқашан жете алмайсыз».
Кітаптың бірінші беттері парсыша жазылса, бір жерінен бастап араб тілінде жалғасады. Жас жігіт құнды кітап туралы басқа біреу біліп қоймасын деп, арабша жазылған беттерін оқу үшін араб тілін үйренеді. Енді бір жерден бастап кітап қытай тілінде жалғасады. Сосын тағы-тағы басқа тілдерде. Кітап қай тілде жазылса, жігіт сол тілдердің бәрін меңгереді. Көп тілдерді меңгергендіктен қаланың ең жақсы аудармашысы атанады. Өмірі жақсара бастайды.
Көп тілді беттерден кейін кітапта байлықты қалай жұмсау керектігі жайлы нұсқаулар жазылады. Осы беттерді оқып, жігіт экономика мен сауда салаларын да меңгереді. Оның көп тілді, ғылымның әр саласын меңгерген маман екенін сол елдің патшасы да естіп, жігітті жақсы қызметке тағайындайды.
Осылайша жігіт кітаптың соңына жетеді. Кітаптың соңғы бетінде бір ғана сөйлем жазылған: «Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы!»
(200 сөз)

Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.





Оқиғалар

Реті

Қаладағы жақсы аудармашы болғандықтан, тұрмысы түзеле бастайды.

5

Анасы баласына мұра ретінде кітап қалдырады.

1

Кітаптың соңына қарай қазынаны жұмсау туралы кеңестер жазылған.

6

Анасының кітапты оқуға уақыты болмаған екен.

2

Кітаптың соңғы бетінде бір сөйлем жазылған.

7

Кітаптың көмегімен түрлі салаларды игереді.

4

Жігіт кітапты оқу үшін тілдерді меңгереді.

3




Берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын ажыратыңыз.

Ақпараттар

V-дұрыс

X-бұрыс

Анасына кітапты бір бай адам сыйға тартқан.




Х

Анасы баласына кітапты оқуды тапсырады.

V




Байлыққа жету үшін кітап парақтарын ретімен оқу керек.

V




Ақырғы бетін ашқан жағдайда кітаптың сиқырлық қасиеті жоғалып кетеді.

V




Жігіт көп тілдерді білгендіктен, мықты аудармашы болады.

V




Кітаптың ақырғы бетінде білімнің өмірдегі ең маңызды байлық екені жазылған.

V




Билеуші жігітті өзіне уәзір етіп алады.




Х





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет