Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет52/54
Дата02.12.2023
өлшемі3,65 Mb.
#132634
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
!12 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т2 5-сын

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

«Ерлер мәңгі есте!» тақырыбына 3 сурет, 2 сөз арқылы ауызша мәтін құрап, жұбыңызға әңгімелеңіз. Әңгіме барысында қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескеріп айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы

  • тақырыпқа қатысты 3 сурет салады, 2 сөз жазады;

  • сурет және сөздердің көмегімен мәтін құрайды;

  • мәтінді жұбына әңгімелейді;

  • әңгімеде қазақтың төл дыбыстарын дыбысталуы бойынша қолданады.




Оқу мақсаты

5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау


Бағалау критерийі



Білім алушы


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну



Тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен 3 маңызды ақпаратты анықтап, себебін 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.

Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы – қалайда жеңіске жету!


1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
«Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасына өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр...
(151 сөз)



р/с

Маңызды ақпараттар

Себебі

1







2







3







Дескриптор Білім алушы
-мәтіннен 3 маңызды ақпаратты анықтайды;
- әр ақпараттың маңызды болу себебін 1 сөйлеммен түсіндіреді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет