Сабақ жоспары Білім беру ұйымының атауы



Дата28.03.2023
өлшемі54,46 Kb.
#76722
түріСабақ
Байланысты:
27.03. Абай лирик ақын


Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Білім беру ұйымының атауы

А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі

Пәні:

Қазақ тілі мен әдебиеті

Бөлім:

12 – бөлім. «Абайды оқы, таңырқа! Абай Құнанбайұлы. Табиғат лирикасы.

Педагогтің аты-жөні:

А.С.Абдиманова

Күні:

28.03.2023

Сынып:

6 И

Қатысушылар саны: 13

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ең жақсы мамандық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;
6.2.1.1 тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу.



Сабақтың мақсаты

Абай туралы тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, 1 негізгі ақпаратты, 2 қосымша ақпаратты анықтайды және тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізеді.

Ойлау дағдылары деңгейі

Түсіну, қолдану

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.


5 мин.
Сабақтың басы


3 мин
3 мин

Сабақтың ортасы

20 мин


Сабақтың соңы
3 мин
1 мин



Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша жүзеге асырылады.


Өткен тоқсандағы тақырыптарға шолу жасалады.


«Миға шабуыл» әдісі.

Суретте қай жылдың мезгілі бейнеленген? Жыл мезгілдері туралы қандай өлең, мақал-мәтел білесің? Сөйлем құра.
Жаңа сөздермен жұмыс.
шеберлік, данышпан, надандық, рақымшыл, сипатта, өнерпаз, әділетсіздік, таңырқа, талаптан, жазғытұры, әуес көру, коғорай, масатыдай құлпыру
Көктем, сыртқы түрін суреттеу, бейнелеу, таңдану, тамсану, түрлену, гүлдену, қуану, қызығу, көк шөп, майталман, ұсталық.


Тыңдалым алды тапсырмасы.
1. Абай – кім?
2. Ол қай кезде өмір сүрді?
3. «Табиғат лирикасы» дегенді қалай түсінесің?
4. Абайдың табиғат туралы қандай өлеңдері бар?


Тыңдалым барысы. 1-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз, мәтін бойынша тірек сөздерді және 1 негізгі ақпаратты, 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Абайдың әкесі - Құнанбай оқуды, білімді бағалаған. Ол өзінің балаларын қалаға жіберіп оқытқан. Анасы - Ұлжан сабырлы, тапқыр адам болған.
Абай өлеңді он екі жасынан бастап шығарған. Әкесі Абайды он жасында оқуға берген. Ол Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Кітапты бір рет оқып, екінші рет кітапқа қарамай , жатқа айтып шығатындай зерек, ұғымтал бала болған. Ол көп талаптанған. Абай медреседе Науаи, Сағди, Физули сияқты ақындардың шығармаларымен танысқан. Ол мұсылманша оқумен шектелмей, Семей қаласындағы Приходская школаға түсіп, орысша да оқи бастаған.
Сабақтарды оқып, білу Абайға оңай болған. Сондықтан барлық уақытты өз бетімен кітап оқуға жұмсаған.
1.1.Сұрақтар.
1. Абай неше жасынан бастап өлең шығарған?
2. Абай 10 жасында қайда оқуға барды?
3. Абай кімдердің шығармаларымен таныс болды?


2-тапсырма. Тура және ауыспалы мағынада тұрған сөздерді анықтаңыз.
Абай – лирик ақын, кітап оқу, зерек бала.
Биік мақсат, жүйрік ой, жылы сөз.
3-тапсырма. «Дербес пікір айту» әдісі. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізеді.
1. Өзіндік пікір (идея): бір сөйлем
2. Дәлел: бір-екі сөйлем
3. Қорытынды: екі сөйлем


«SMS-хабарлама» әдісі арқылы сабақ бойынша SMS хабарламаны жазу тапсырылады. Хабарламада ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған нұсқасы болуы қажет.
«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны .... ».
«Маған ерекше ұнағаны ....».
«.... қызықты болды».
«... мен түсіндім».
«Мені ... таңқалдырды».


Үйге тапсырма:
84- бет. 4-тапсырма.



Сәлемдеседі.
Өткен тоқсан бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жыл мезгілдерін анықтап, Абайдың табиғат туралы өлеңдерін айтады.
Екі бағандағы жасылмен және көкпен жазылған сөздерді бір-бірімен сәйкестендіреді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Барлық оқушылар сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді анықтайды.
В деңгейлі оқушы 2 қосымша ақпаратты табады.
С деңгейлі оқушы
негізгі ақпаратты анықтайды.
Тура және ауыспалы мағынада тұрған сөздерді анықтайды.
Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізеді.
SMS хабарламаны жазады.
Кері байланыс береді

Үй тапсырмасын жазып алады.



Оқушыларды «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.


Дескриптор
- сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор
- сұрақтарға жауап береді;
- тірек сөздерді анықтайды;
- 1 қосымша ақпаратты табады;
- екінші қосымша ақпаратты анықтайды;
- негізге ақпаратты табады.


Дескриптор
- тура тұрған сөздерді анықтайды;
- ауыспалы мағынада тұрған сөздерді анықтайды;
Дескриптор
- өзіндік пікірін айтады;
- дәлел (факт) келтіреді;
- қорытындысын айтады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығы, жұмыс дәптерлері, панель тақта, слайд.

https://wordwall.net/ru/resource/54448838


Қазақ тілі мен әдебиеті
Бәйшешек. Оқулық
Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің
6-сыныбына арналған. 1-бөлім/ Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С.Рахметова, А.Н.Юсуп-
Алматы:Көкжиек –Горизонт.
2018. 104 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет