Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет39/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58
Байланысты:
қалыптастырушы бағалау 7б

Тақырып 
Ақ Орда 
Оқу мақсаты 
6.1.1.2 XIII-
XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған 
мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрылымын
анықтайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейлері
Білу және түсіну
Тапсырма 
Ақ Орда мемлекетінің құрамында болған тайпаларын атаңыз.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________ 
Дескриптор Білім алушы 
-
Ақ Орда мемлекетінің этникалық құрамын анықтайды. 
62 


Тақырып 
Ақ Орда 
Оқу мақсаты 
6.3.2.5 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, 
Қазақстан аумағында XIII–XV ғасырларда құрылған 
мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Ақ 
О
рда мемлекетінің сыртқы саясатын
анықтайды
Ойлау дағдыларының 
деңгейлері
Қолдану 
Тапсырма 
1.
Ақ Орда мемлекеті туралы мәтінді оқып, қате берілген ақпаратты анықтап, астын
сызып қойыңыз, қате ақпаратты дұрыс ақпаратпен алмастырыңыз.
ХV ғасырдың ортасында Алтын Орда мемлекетінен Ақ Орда, Құбылай, Сібір, 
Қазан, Қырым, Қажы-Тархан хандықтары бөлініп шықты.
Ақ Орда мемлекеті Дешті-Қыпшақтың батыс бөлігінде орналасты. Орталығы 
Сығанақ қаласы болды. Сығанақ Сырдария өзенінің орта ағысында орналасты. Мүбәрак 
хан өз еркімен Алтын Орда хандарына тәуелді болды. Ерзен хан тұсында қалалық 
мәдениет дамыды. Экономика гүлденді.
Ақ Орда Ұрұс хан тұсында тәуелсіз, дербес мемлекетке айналды. 1374-1375 
жылдары Ұрұс хан Есіл бойына жорық жасады. Алтын Орда астанасы Сарай қаласын, 
Қажы-Тарханды бағындырады. Алайда, Ақ Орданың оңтүстік шекараларына қауіп 
төңді, сондықтан ол жорықтарын тоқтатып, жаңа шайқасқа дайындалды. Әмір Темір Ақ 
Орда мемлекетіне қауіп төңдіре бастады.
1376 жылы Ұрұс хан қайтыс болады. Әмір Темір Тоқтамысты қаруландырып, 
Моғолстан мемлекетіне аттандырды. Тоқтамыс Моғолстанды бағындырды. 
1380 жылы Тоқтамыс Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттерін 
бағындырып, ірі мемлекеттің билеушісіне айналды. Әмір Темірге қарсы шықты. 
Шайқастар Ақ Орда мемлекетінің құлдырауына әкелді. 1395 жылғы Терек шайқасында 
Тоқтамыс Әмір Темір әскерінен күйрей жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға Ұрұс хан 
ұрпақтарын қайта отырғызады.
1423 жылы Ақ Орда мемлекетінің билік басына Барақ хан келіп, Темір 
ұрпақтарымен Жетісу қалалары үшін күрес жүргізеді. 1468 жылы Барақ хан қаза 
табады. Ақ Орда мемлекетінің билігі Шайбани ұрпақтарына көшеді. Ақ Орданың билігі 
Әбілқайыр ханға көшеді.
2.
Дерек мазмұнына және өз біліміңізге сүйене отырып, Ақ Орда мемлекетінің
сыртқы саясатын басты бағыттарын көрсетіңіз.
«Мутахаб ат-таварих» 
Ұрұс хан өте ақылды, қу әрі құдіретті билеуші. Ол бірінші құрылтайда Көк 
Орданы басып алу жоспарын жариялады. Ұрыс ханды Маңғыстау аймағының 
билеушісі Түйқожа қолдамады. Ұрұс хан Түйқожаны өлім жазасына кесті, оның ұлы 
Тоқтамысқа кешірім жасалды. 
Ұрұс хан Алтын Орда ханы Өзбектің билігін өзіне қарақатқанда, Тоқтамыс Әмір 
Темірді барып паналады. Әмір Темірмен қақтығыс басталғанда, Ұрұс хан қайтыс болды. 
Ақ Орда билігі Тоқтақияға көшті, одан кейін Темір-Мәлік биледі. Оның кезінде 
елде тәртіпсіздік орнады. Әмір Темір жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты Ақ Ордаға 
жорыққа аттандырды. Тоқтамыс Ақ Орданы бағындырып, хан тағына отырды. Қазаншы 
батыр мен басқа да қайраткерлер Тоқтамысқа қолдау көрсетті. 
63 


1384 жылы Тоқтамыс Әмір Темірге қарсы шықты. Тоқтамыс Беркенің сарайын 
астана етіп жариялады. Алайда, Темірге қарсы көтеріліп, дүние-мүліксіз қалды. 
Му’ин ад-дин Натанзи еңбегін 1414 жылы аяқтаған. Автор Әмір Темірдің ұрпағы - 
Ескендірдің сарай тарихшысы. Ақ Орда тарихы туралы ең толық сипаттама 
беретін бірден бір тарихи дерек
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________ 
______________________________________________________________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет