Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет21/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
қалыптастырушы бағалау 7б

Тақырып 
Оқу мақсаты
Қыпшақ хандығы 
6.3.1.3 X ғ.–XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму 
ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын анықтау 
Бағалау критерийі 
Білім алушы

Қыпшақ мемлекетінің саяси құрлымын анықтайды

Дешті-Қыпшақтың жерін картаға түсіреді
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Білу және түсіну
 
Қолдану

Тапсырма 


1.
Кестедегі ақпарат дұрыс болса « +», жалған ақпарат болса «-» белгісін қойыңыз
.

Қыпшақ хандығы
IX-XI
-
ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген 
мемлекеттік бірлестік. Қарахан мемлекеті ыдырағаннан кейін әскери-саяси 
билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшкен 

Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы оң және сол қанат бөлінді.
Оң 
қанаттың ордасы Еділ өзені бойындағы Ахтуба қаласы болса, сол қанаттың 
орталығы Сырдария бойындағы Сауран қаласында орналасты 

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі 
теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды 

Қыпшақ қоғамы «ұлы князь», «князь», «бояр», деген ақсүйектер
енген қатал иерархиялық жүйеден тұрған 

Қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атады. Олар заң 
жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді 
болды.Малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, олар ханның немесе үстем 
тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен 

Қыпшақ қоғамының төменгі тобында малы аз шаруалар мен құлдар болды. 
Құлға қолға түскен тұтқындар айналдырылып, олардың ешқандай құқы 
болмаған. Құлдар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған 

965 жылы Қыпшақ ханы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға 
қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты 
талқандалды 

XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) 
батысқа қарай жылжыды, олардың территориясы шығыс Еуропа елдерімен, 
орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті 
2.
Кескін картада Дешті-Қыпшақ аумағын, 2 орталығын және қыпшақтармен көрші
орналасқан мемлекеттерді белгілеңіз. 
1. Қарақытай мемлекеті 2. Хорезмшахтар империясы 3. Византия империясы 4. Киев
Русі 5. Венгрия. 


Тапсырма шартты: 

Дешті-Қыпшақ аумағын көк сиямен шектеу;

Шығыс Дешті-Қыпшақтың оң қанат орталығын белгімен белгілеп, атауын
жазу;

Шығыс Дешті-Қыпшақтың сол қанат орталығын
белгімен белгілеп, атауын 
жазу;

Қыпшақтармен көрші орналасқан мемлекеттерді анықтап, атауын жазу
Дескриптор 
Білім алушы 

Қыпшақ мемлекетінің қоғамдық құрлысын атайды;; 

Дешті-Қыпшақ аумағының шекарасын картаға белгілейді; 

Шығыс Дешті-Қыпшақтың оң қанат пен сол қанат орталығының
орналасқан орнын белгілейді; 

көрші мемлекеттерді кескін картада белгілейді. 
36 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет