Тақырып Қыпшақ хандығы
Оқу мақсаты 6.3.2.4 Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы •
Қыпшақтардың халықаралық аренадағы орнын
сипаттау
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қыпшақтар Русьте. ХІ ғ. ІІ жартысынан бастап Еділден Дунайға дейінгі аралықта Киев Русінің негізгі көршісі қыпшақтар болды. Славян князьдіктерін қорғауды қыпшақ жасақтары атқаратын-ды. Князьдердің жеке жасағы, негізінен, түркі тайпаларынан құралды.Киев Русінің князьдері қыпшақ тайпалары қыздарына үйленіп, қыпшақтар тарапынан қолдауға ие болуды дәстүрге айналдырған-ды. Славян князьдері арасындағы билікке таласқан даулардың бәрі қыпшақ хандарының араласуымен шешілген. Қыпшақтар Византияда. Қыпшақ батыры Кеген бастаған 20мың қыпшақ әскері Константинопольге енген кезде Византия императоры Силастрий қарулы жасақпен енген көшпелілер көсемін өз сарайында асқан салтанатпен қабылдайды.Қыпшақтар Византияны сыртқы жаудан қорғайтын сенімді сарбаздарға айналады. Қыпшақтар Грузияда. 1118 жылы грузин патшасы IY Давид селжұқтардың шапқыншылығына қарсы күресте Грузия билеушісіне қызмет етуді сұрап қыпшақ ханы Атраққа өз елшісін жібереді. Грузин деректерінің мәліметтеріне сүйенсек, Атрақ 40 мың әскермен келген екен. Патша оларды оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жер беріп орналастырады. 5 мың таңдаулы қыпшақ әскері грузин билеушісінің жеке гвардиясын құрады. Қыпшақтар Венгрияда. Қыпшақтардың Венгрия аумағында қоныстана бастауы 1091 жылмен сәйкес келеді. Осы жылы қыпшақ ханы Копулха хан Венгрияға сәтсіз жорықтарын ұйымдастырған болатын. Олардың көпшілігі тұтқынға түсіп, кейіннен босап Венгрия корольдігінің аумағында қоныстанады. Қыпшақтар Египетте. Ортағасырларда өзін сыйлайтын мұсылман билеушісінің жеке гвардиясы болған екен. Жеке гвардия Үндістанда гулямами, Египетте мамлюктер аталған. Олар өз билеушілеріне адал қызмет еткен. Ең күшті мамлюктер мен гулямамилар түріктер мен кавказдық құлдар саналған. Египет сұлтаны Айюбид әулетінің өкілі Мәлік Салих (1240-1294 жж.) Ніл өзенінің шығыс жағалауы бойында мамлюктер үшін арнайы әскери қалашық салдырады. XIII ғасырдың басында біраз территорияны жаулап алған монғолдар тұтқындарды 1.Бұл мәтінде кімдер туралы айтылған?
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
2.Қыпшақтардың Еуразия кеңістігіндегі халықаралық қатынастарға ықпалы қандай болды?
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
3.Мәтін мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады? Мәтіндегі ақпараттың
құндылығы неде?
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
37
Дескриптор Білім алушы −
дереккөздегі негізгі ойды анықтайды;
−
халықаралық
қатынастарға
қыпшақтардың
ықпалын
дәлелдейді;
−
дерек мазмұны қортындылайды.