Тақырып
Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени
дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы
Оқу мақсаты
6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара
экономикалық байланыстарын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Ұлы Жібек жолының шаруашылық түрлерінің
дамуына әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Төменде ұсынылған деректі оқып, көшпенділер мен отырықшылардың сауда-саттық
үшін өндіретін бұйымдарын анықтап, төмендегі кестеге жазыңыз.
Көшпенді дала мен отырықшы аудандардың өзара қарым-қатынасы Ұлы Жібек
жолының арқасында күшейіп, көшпенді мен отырықшы-егіншілік мәдениеттер бір-
бірін өзара байытуға септігін тигізді. Көшпенділер егіншілердің өніміне мұқтаж
болса, ал отырықшылардың өндірісі көшпенділер сұранысымен анықталды.Ежелгі
ортағасырлық қалалар экономикасында қолөнер мен сауда ерекше рөл атқарды.
Қаладағы қолөнердің жетекші салалары қыштан бұйым жасайтын өндіріс, шыны
өнеркәсібі, металды өңдеу және балқытумен байланысты, мысалға, соның ішінде
ұсталық, зергерлік кәсіпті атауға болады. Көптеген қолөнер кәсіпшілігі ауыл
шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болды. Қолжазбалар Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен,
Кавказбен, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғанын
дәлелдейді. Орта Азиядан әйнек, әр түрлі бағалы заттар, қолданбалы өнер
бұйымдары, ал Қытайдан – жібек, қыш әкелінді. Сыртқа мал және мал
шаруашылығының өнімдерін, сондай-ақ, ер-тоқымдар, садақ, қорамсақ, маталар,
темір мен семсер шығарды. Қала мен дала арасындағы сауда барынша қыза түседі.
Қала халқы жылқы, ірі қара малын, жүн, шикізат, тері, киіз, сүт өнімдерін сатып
алатын болса, көшпенділер есесіне мата, нан, ыдыс-аяқтар алды.Сөйтіп, ХІ-ХІІ
ғасырларда тауар-ақша қатынастарының дамуы заттай (натуралды) айырбасты
ығыстырды.
http://www.izden.kz/referattar/kazakstan-tarihy/283
(өңделген)
Достарыңызбен бөлісу: |