Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақстан тарихы


Тақырып  Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті  Оқу мақсаты



Pdf көрінісі
бет31/58
Дата27.11.2023
өлшемі2,95 Mb.
#129493
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58
Байланысты:
қалыптастырушы бағалау 7б

Тақырып 
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 
Оқу мақсаты
6.2.2.4 Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, 
Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи 
құндылығын түсіндіру 
Бағалау критерийі
Білім алушы

Ортағасырлық ғалымдардың ғылымның дамуына
қосқан үлесін анықтайды 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану 
Тапсырма 
Ғұламалардың ғылымның қандай саласын зерттегенін, ашқан жаңалығы мен ғылыми 
еңбегінің атауын және оның құндылығы туралы ақпарат жазыңыз.
 
Әбу Насыр әл-
Фараби 
Махмуд Кашгари
 
Жүсіп Баласағұни 
Ахмет Яссауи 
Дескриптор
Білім алушы 

Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегін атайды; 

Махмуд Кашгаридің еңбегін атайды; 

Жүсіп Баласағұнидің еңбегін атайды; 

Ахмет Яссауидің еңбегін атайды; 

Ортағасырлық ғалымдардың қоғамды сипаттауын атайды. 


Тақырып 
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті 
Оқу мақсаты
6.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық 
байланыстардағы рөлін анықтау 
Бағалау критерийлері
Білім алушы

«Кодекс Куманикус» сөздігінің тарихи манызын
ашады
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Білу және түсіну 
Тапсырма 
Деректі оқып, «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін 
анықтаңыз. 
Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де 
қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары 
Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін 
куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол 
кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары 
үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған.
Оған көркем әдебиеттің үлгілері де енгізілген. Мазмұны мен құрылымы жағынан 
бұл еңбек - Ордаға түрлі мақсаттармен келген және латынша білетін европалықтарға, 
сондай-ақ, латынша білгісі келген қыпшақтарға (парсыларға да) арналған арнайы сөздік 
және қыпшақ тілінің оқулығы іспетті. Сөздік екі бөлімнен тұрады. 
Түркітанушылардың пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар көздеген бірнеше автор 
жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін деген бірінші бөлім жақсы 
ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып табылады. Бұл 
бөлім 
қолжазбаның 
110 
бетін 
қамтиды. 
 
Одан әрі бірнеше бетте "аudіo" ("есіту") сөзінің бірнеше түрі берілген. Мұның 
өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы білген және Дешті Қыпшаққа келіп, 
тіл жөнінен қиналған адамдарға көмек көрсету мақсатын ғана көздеген адам 
құрастырғанын байқатады. Ғалымдардың пікірінше, бірінші бөлімді құрастырушы 
латыншаны өте жақсы білген, ал құман-қыпшақ тілін жақсы білмегенге ұқсайды. 
"Кодекс Куманикустың" екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық 
материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, 
жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның 
апостолдарының өмірі туралы аңыздар.
Ғаламтор материалдарынан жинақталып, өңделген. 
1.
"Кодекс Куманикус" тарихи дереккөзі ретінде қандай ақпарат береді? 
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 
2.
"Кодекс Куманикус" еңбегінің негізгі идеясы неде?
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 
3.Мәтін мазмұнынан қандай ойды түюге болады? Өзініздің ой-пікіріңіз.
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет