Тақырып
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
Оқу мақсаты
6.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық
байланыстардағы рөлін анықтау
Бағалау критерийлері
Білім алушы
•
«Кодекс Куманикус» сөздігінің тарихи манызын
ашады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Деректі оқып, «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін
анықтаңыз.
Ол кезде (13–14 ғ-лар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі елдің бәрі де
қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа шыққан адамдары
Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта Азия елдерін аралау үшін
куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде пайдалануға болады деп ұққан. Сол
кездегі еуропалықтар үшін латын тілі қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары
үшін куман (қыпшақ) тілі де сондай қызмет атқарған.
Оған көркем әдебиеттің үлгілері де енгізілген. Мазмұны мен құрылымы жағынан
бұл еңбек - Ордаға түрлі мақсаттармен келген және латынша білетін европалықтарға,
сондай-ақ, латынша білгісі келген қыпшақтарға (парсыларға да) арналған арнайы сөздік
және қыпшақ тілінің оқулығы іспетті. Сөздік екі бөлімнен тұрады.
Түркітанушылардың пайымдауынша, оларды түрлі мақсаттар көздеген бірнеше автор
жазған. Итальяндықтар жазған болуы мүмкін деген бірінші бөлім жақсы
ойластырылған үш тілді латын-парсы-қыпшақ (құман) сөздігі болып табылады. Бұл
бөлім
қолжазбаның
110
бетін
қамтиды.
Одан әрі бірнеше бетте "аudіo" ("есіту") сөзінің бірнеше түрі берілген. Мұның
өзі сөздікті лексикография принциптерін жақсы білген және Дешті Қыпшаққа келіп,
тіл жөнінен қиналған адамдарға көмек көрсету мақсатын ғана көздеген адам
құрастырғанын байқатады. Ғалымдардың пікірінше, бірінші бөлімді құрастырушы
латыншаны өте жақсы білген, ал құман-қыпшақ тілін жақсы білмегенге ұқсайды.
"Кодекс Куманикустың" екінші бөлімін негізінен алғанда фольклорлық
материалдар құрайды. Олар: жергілікті ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер,
жұмбақтар және христиан уағыздары мен Мария ананың, Христос пен оның
апостолдарының өмірі туралы аңыздар.
Ғаламтор материалдарынан жинақталып, өңделген.
1.
"Кодекс Куманикус" тарихи дереккөзі ретінде қандай ақпарат береді?
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
2.
"Кодекс Куманикус" еңбегінің негізгі идеясы неде?
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
3.Мәтін мазмұнынан қандай ойды түюге болады? Өзініздің ой-пікіріңіз.
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Достарыңызбен бөлісу: