2.Картадан таңдауыңыз бойынша (жазықтар немесе таулар) бір жер бедерінің түрін алып, төмендегі сұрақтар арқылы зерттеу жүргізіңіз.
a. Жер бедерінің түрін анықтаңыз.
b.Жер қыртысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, жер бедерінің қалыптасу заңдылығын анықтаңыз.
c. Биіктік шкаласын, бояуларды пайдаланып, биіктіктігін және жасын ажыратыңыз.
d.Тақталардың қозғалысы картасын пайдаланып, болашақтағы өзгерісіне зерттеу жасаңыз.
17
ДескрипторБілім алушы
тақталар қозғалысының сызбасын кескін картада көрсетеді, ірі аймақтарды атап, қозғалу бағытын сызады;
кестеде көрсетілген суреттеден литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін анықтайды;
қозғалыс аймағын жазады;
себебін түсіндіреді;
салдарына мысалдар келтіреді;
өзі таңдап алған аймақтың жер бедерінің түрін анықтайды;
қалыптасу заңдылығын жазады;
биіктіктері мен жасын анықтайды (бояуларды пайдалана отырып);
болашақтағы өзгерісіне болжам жасайды.
18
Бөлім 3. Физикалық география Бөлімше 3.1 Литосфера
Тақырып Литосфералық катаклизмдер
Оқу мақсаты 7.3.1.4 Литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын,
таралуын түсіндіреді