Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Химия 8-сынып


Бөлім 8.3В Химиялық байланыс түрлері



бет6/7
Дата27.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#63230
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ФО Химия 8-сын қаз

Бөлім 8.3В Химиялық байланыс түрлері




Оқу мақсаты 8.1.4.3 Заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне
тәуелділігін түсіндіру


Бағалау критерийі Білім алушы

  • Кристалл тор типіне байланысты заттың қасиетін анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Кестені толтырыңыз.





Кристалл тор сызбасы









Кристалл тор атауы













Кристалл тор
түйіндерінде орналасады













Кристалл торға сәйкес заттың
қасиеттері(екі қасиеттен кем емес)













Мысалы
(әрқайсысына екі мысалдан жазу)













Дескриптор Білім алушы
− сурет бойынша кристалл торлардың түрлерін ажыратады;
− кристалл тор түйіндерінің ерекшелігін көрсетеді;
− кристалдық тор типтеріне байланысты заттар қасиеттерін жазады;
− кристалл торына сәйкес затқа мысал келтіреді.

Бөлім




8.3С Ерітінділер және ерігіштік

Оқу мақсаты




8.3.4.1 Заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Суда ерігіштігіне байланысты заттарды жіктейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма

Заттарды суда ерігіштігі бойынша жіктеңіз және әр топқа бір мысалдан келтіріңіз.




Заттар



















Дескриптор

Білім алушы




− заттарды суда ерігіштігіне байланысты топтарға жіктеп жазады;
− әр топқа бір мысалдан келтіреді.



Бөлім 8.3С Ерітінділер және ерігіштік




Оқу мақсаты 8.3.4.3 Заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру


Бағалау критерийі Білім алушы

  • Заттың ерігіштігіне температураның әсерін анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


Мыс сульфатының 100 г судағы әр түрлі температурадағы ерігіштік кестесі берілген.





Температура 0С

20 0С

40 0С

60 0С

80 0С

100 0С

Грамм тұз (г)

20

30

40

58

65

(а) Кестедегі мәндерді қолдана отырып, ерігіштіктің температураға тәуелділік графигін құрыңыз. (Y осіне ерігіштікті, X осіне температураны белгілеңіз)





  1. Қатты заттардың ерігіштігі температура артқан сайын қалай өзгереді?


  1. 100 г суда 50 г мыс сульфатын ерітуге 45 0С температура жеткілікті ме? График бойынша анықтаңыз. Жауабыңызды есептеп, дәлелдеңіз.

Дескриптор Білім алушы
− кестеде берілген мәндерді қолданып, ерігіштіктің температураға тәуелділік графигін құрады;
− қатты заттардың ерігіштігіне температура әсерін жазады;
− график бойынша берілген температурада еритін тұз массасын есептеп, дәлелдемесін жазады.

Бөлім




8.3С Ерітінділер және ерігіштік

Оқу мақсаты




8.3.4.5 Еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ерітіндідегі еріген заттың массасын есептейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

(а) 30 % -ды 250 г ас тұзы ерітіндісін дайындау үшін неше грамм тұзды, неше грамм суда ерітеді.


Еріген заттың массасы ?

Еріген заттың 250 г ас тұзы


массалық ерітіндісі
үлесі 30 %
(b) 5 % -ды, 300 г кальций хлориді ерітіндісін дайындау үшін қажет тұздың массасын есептеңіз.

Дескриптор



Білім алушы




− еріген заттың, еріткіштің массасын табудың формуласын жазады;
− еріген заттың массасын есептейді;
− еріткіштің массасын есептейді.




Бөлім




8.3С Ерітінділер және ерігіштік

Оқу мақсаты




8.3.4.6 Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

(а) 2000 мл ерітіндіде 65 г никель хлориді ерітілген. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз.


(b) 500 см3 ерітіндіде 1,4 моль тұз қышқылы ерітілген. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз.

Дескриптор

Білім алушы




− ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын табудың формуласын жазады;
− ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді.



  1. тоқсан


Бөлім

8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс

Оқу мақсаты

8.3.4.7 Оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Оксидтерді жіктейді

  • Оксидтердің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма



  1. Оксидтертердің жіктелуін жазыңыз және берілген оксидтерді төмендегі кестеге бөліп орналастырыңыз: Al2O3, CaO, K2O, P2O5, CO2, SO3, FeO, ZnO, NO2, BaO, SO3, CuO, BeO



Оксидтер



  1. Жабық колбада фосфорды жағамыз. Фосфор ақ түтін түзіп жанады. Оның үстіне су құямыз.

  1. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыз.




  1. Колба ішіне әмбебап лакмус батырса, ол қандай түске өзгереді? Себебін жазыңыз.

(с) Төмендегі тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз.


NaOH 1


Na3PO4 2
Na2O



Дескриптор

Na2SO4 3


NaCl 4


Білім алушы




− оксидтердің жіктелуін жазады;
− оксидтердің түзілуінің реакциясын жазады;
− оксидтер суда ерігенде түзетін ортаны ажыратады;
− оксидтердің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады;
− химиялық реакция теңдеуін теңестіреді.



Бөлім 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

Генетикалық байланыс




Оқу мақсаты 8.3.4.8 Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну,
олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру


Бағалау критерийі Білім алушы

    • Қышқылдарды жіктейді

    • Қышқылдың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану



Тапсырма


(а) Кестеде қандай қышқылдар туралы айтылғанын анықтап, сәйкес формуласын, қышқыл атауын жазыңыз.





Қышқыл формуласы

Қышқыл атауы

Оттекті қышқыл

Оттексіз қышқыл

Бір негізді
қышқыл

Екі негізді
қышқыл

Үш негізді
қышқыл







+










+










+

+













+




+
















+




+










+







+













+

+













+







+






(b) Бес пробиркаға: натрий хлориді, су, кальций гидроксиді, тұз қышқылы, калий гидроксиді ерітінділері әр түрлі реттілікпен құйылған. Лакмус ерітіндісі көмегімен қандай нөмірлі пробиркаға тұз қышқылы құйылғанын қалай анықтауға болады?(таңдаған пробирканы бояңыз)

(с) Қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырыңыз. Ол үшін бастапқы реагенттер орнына тиісті формулаларды қойып реакция теңдеуін аяқтаңыз және теңестіріңіз.





+ → H2(г) + MgCl2(ер)



+ → 2H2O(с) + Li2SO4(ер)



+ → H2O(с) + CO2(г) + 2KCl(ер)



+ → H2O(с) + CO2(г) + LiNO3(ер)



+ → H2O(с) + KNO3(ер)

Дескриптор Білім алушы
− қышқылдар жіктейді;
− қышқылдар атауы мен формуласын жазады;
− қышқылды индикатор көмегімен анықтайды;
− қышқылдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін реакция өнімдеріне қарап құрастырады;
− химиялық реакция теңдеулерін теңестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет