Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру әдістемесі


Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі450,9 Kb.
#126303
1   2   3
Байланысты:
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру әдістемесі.

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау

  • Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау
  • Сабақ жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселе бар. Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеуде қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылатындығы ескерілуі тиіс. Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалану. Жоғарыда сипатталғандай, мектеп пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн мен дағдылар сипатталған. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы, оқу жоспары және «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралында көрсетілген. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжатты біріктіруге болады. Пән бойынша сабақтарды жоспарлау кезінде бұл үш құжаттың үшеуі де қолданылады

 
 
Оқу бағдарламасы

 
 
Оқу жоспары

 
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жнағы

 
 
Оқу мақсаттары

Оқу мақсаттарына негізделіп ұсынылған жаттығулар

Оқу мақсаттарын қалыптастырушы бағалауға қатысты шешім қабылдауда сүйену.

Қалыптастырушы бағалауды жоспарлауда қолданылатын құжаттар

Қорыта келгенеде, Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол күнделікті сабақта орын алады және оқушыға да, мұғалім үшін де маңызды; мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылап, одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндай бағалау түрінде оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланыстың болуы шарт. Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі толықтырып отырады.

  • Қорыта келгенеде, Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол күнделікті сабақта орын алады және оқушыға да, мұғалім үшін де маңызды; мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылап, одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндай бағалау түрінде оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланыстың болуы шарт. Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі толықтырып отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Әбиев Ж. Ә., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. – Алматы: Дарын,-2004.
  • Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқыту әдістемесін мектепте қолдану. Оқу құралы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188бет.
  • Аймауытұлы Ж. Комплекспен оқыту жолдары (Мұғалімдерге, қайталама курстарға, тәрбие техникумдарына көмек). Қазақ баспасы, 1929


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет