Нәрестенің бассүйек бөлімдерінің мөлшері дене салмағы мен ұзындығына байланысты ересек адамға қарағанда үлкендеу болады.
Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің ерекшеліктері:
Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде ми сауыты сүйектеріне қарағанда бет сүйектері біршама кішілеу келеді.Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшелігі – еңбектері,fonticuli, болады Олардың бассүйегінде әлі аяқталмаған сүйектенудің үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері, бірінші жарғақты, сатының қалдықтары болып табылады; олар сүйектенбеген дәнекер тіннің қалдықтары сақталған, жіктердің қиылысқан жерінде орналасады.
Олардың болуының үлкен функционалдық маңызы бар, себебі бассүйектің шеке сүйектеріне едәуір ығысып жылжуға мүмкіндік береді де, соның арқасында бассүйек толғақ кезінде туу жолының пішіні мен шамасына бейімделеді. Еңбектердің мынадай түрлерін ажыратады:
Алдыңғы еңбек, fonticulus anterior
Алдыңғы еңбек, fonticulus anterior , ромб пішінді, орта сызық бойымен 4 жіктің: сагитталды, маңдай және тәжді жіктің екі жартысының қиылысқан жерінде жатады; 2 жаста өсіп бітеді.
Артқы еңбек,fonticulus posterior
Артқы еңбек,fonticulus posterior , үшбұрыш пішінді, сагитталды жіктің артқы ұшында алдындағы 2 шеке сүйегі мен шүйде сүйегінің қабыршағы арасында жатады; туғаннан кейін 2 айда өсіп-бітіп кетеді.
Бүйір еңбектері, жұп, әр жағынан екеуден, сонымен бірге алдыңғысы сынатәрізді,fonticulus sphenoidalis , ал артқысы-емізіктәрізді,fonticulus mastoideus , деп аталады.
Сына тәрізді еңбек шеке сүйек, туғаннан кейін 2-3 айлығында бітіп кетеді.
Сынатәрізді және емізіктәрізді еңбектер көбіне шала туған (күні жетпеген) балаларда кездеседі, соның өзінде кейде жетіп туған балаларда шүйде еңбегі болмайды.
Жаңа туған нәрестелерде жіктердің болмауы және диплоэнің нашар дамуы, бассүйектің сыртқы бетінде ғана емес, ішкі бетіндегі бедерінің көмескілігі байқалады.
Жаңа туған нәрестенің бассүйегі. 1. Мандай сүйегі. 2. Үлкен еңбегі. 3. Төбе сүйегі. 4. Шүйде сүйегі. 5. Артқы еңбегі. 6. Емізіктәрізді еңбек. 7. Сынатәрізді еңбек