Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


Дыбысты түйсіну теориялары



Pdf көрінісі
бет108/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118
Дыбысты түйсіну теориялары. 
Есту талдағышының дыбыс қабылдайтын рецепторларында дыбыс үнін, 
қарқынын және тембрін ажыратуды түсіндіру үшін бірнеше теорияялар 
ұсынылған. 
1. Резерфорд ұсынған телефондық теория бойынша, иірімді түтігінде дыбыс 
тербелісінің жиілігіне сәйкес биотоктар өндіріледі. Бұл электрлік 
потенциалдар есту жүйкесінің талшықтары арқылы миға жетеді. Кейінгі 
кезде бұл теория иірімді түтікте байқалатын микрофондық туындылармен 
дәлелденген. 
2. Резонанс теориясының негізін қалаушы Г. Гельмгольц, жоғары 
дыбыстарға жауап ретінде негізгі мембрананың қысқа және неғұрлым күшті 
керілген талшықтары (төменгі иірім), ал төмен дыбыстарға – әлсіз керілген 
ұзын талшықтары (жоғарғы иірім) резонанас жасайды деген қортындыға 
келді. Алайда бұл теория да есту тетігінің физиологиялық негіздері толық 
түсіндіре алмады. 
3. Соңғы кездегі зерттеулер бойынша (Бекеши, Эвальд), иірімді түтікте 
болатын резонанс негізгі мембрананың тербелісінен емес, оның ішіндегі 
әркелкі ұзындығы бар сұйықтықтың (перилимфа мен эндолимфа) бағанынан 
туатындығы көрсетілді. Белгілі жиіліктегі дыбыстар иірімді түтік 
сұйықтығында резонанс толқындарын туғызып, негізгі мембрананың тиісті 
бөлігін дірілдеуге (вибрация) мәжбүр етеді. Бекеши негізгі мембрана 
жарысқан толқын тәрізді тербеледі деп болжады, ал Эвальд – таласқан 
толқын тәрізді деп есептеді. Расында кейін негізгі мембрананың дыбыс 
жиілігіне сәйкес, бірде жарысқан, бірде таласқан толқын тәрізді тербелетінін 
дәлелдеді. Мұндай дірілдеу жергілікті түкті жасушалар тобын қоздырады да, 
онда пайда болған серпіністер есту жүйкесінің жекеленген талшықтарының 
бойымен миға әкетіледі. 
Дыбыс серпіністері үлкен ми сыңарлары самай бөлігінің қыртысында 
жиналған есту жүйесінің негізгі орталықтарында жоғары дәрежедегі талдау 
мен құрамыстан өтеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет