Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 Тепе-теңдік (вестибулярлық) талдағышы



Pdf көрінісі
бет109/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   118
16.3. Тепе-теңдік (вестибулярлық) талдағышы. 
Тепе-теңдік талдағышы кеңістіктегі бүкіл дененің қозғалысы мен 
бұлшықеттердің тонусын реттеуге және тепе-теңдікті сақтауға тікелей 
қатынасады. Ол түзу сызықты немесе айналмалы қозғалыста, сонымен бірге 
кеңістікте бастың қалпы өзгергенде пайда болатын жеделдету, баяулату 
ақпаратын жеткізеді және оны талдайды. Дененің өзгерген тұрысын қалпына 
қайтарып, табиғи қалыпты ұстайды, сонымен қатар қимылды үйлестіруге 
қатысады.
Тепе-теңдік талдағышының шеткі (қабылдағыш) бөлімі кіреберіс 
аппаратында орналасады. Ол кіреберіс (vestibulae) және үш имекті 
арналардан тұрады. Имекті арналар өзара байланысқан үш түрлі жазықтықта: 
жоғарғысы – фронталды (маңдайлас), артқысы – сагиталды (жебетәріздес), 
сыртқысы - көлденең орналасады. Әрбір арнаның бір ұшы кеңейтілген 
(ампула тәрізді), оларда қысым өзгерістеріне сезімтал қабылдағыштар 
болады. Кіреберіс құрамына тағы екі қапшық кіреді. Оның біреуі иірімді 
түтігіне, екіншісі имекті арналарға жақын жатады. Бұл қапшықтарда отолит 
аппараты (кальций карбонатының түйіршіктерінен тұратын желе тәрізді 
мукополисахарид) орналасқан. Қапшықтың қуысына қарай шығып тұрған 
қабылдағыш бөлімі қозғалатын ұзынырақ бір түктен (киноцилий) және бір-
біріне жабысқан қозғалмайтын (40-60 дана) жіңішке түктерден (стереоцилий)
тұрады. Бұл түктер құрамында әктің кішкентай түйіршіктері (отолиттер) бар 
іркілдек мембрана арқылы өтеді. Кіреберістегі түкті жасушалардың қозуы 
осы мембрана түктері бойымен сырғанау салдарынан, яғни олардың 
бүгілуінен туады. 
Сүйек арналарының формасын қайталайтын ішіндегі жарғақ арналар 
лабиринт (шытырман) тәрізді, олар тұтқырлығы суға қарағанда 2-3 есе көп 
эндолимфамен толтырылған. Эндолимфа қозғалған уақытта түктер 
(стереоцилий) бір жаққа (киноцилийге қарай) иіледі, осы кезде түкті 
жасушалардың қозуы пайда болады. Ал олар қарма-қарсы қозғалыста 
тежеледі. 
Кіреберіс және ампуланың түкті рецепторларының қозу нәтижесінде 
қабылдағыштық потенциал пайда болады. Бұл потенциал осындағы 
түйіспеде (синапста) ацетилхолиннің бөлінуіне келтіріп, ол қозуды әрі қарай 
өрістетеді де, кіреберіс жүйкесіне жеткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет