көлемі арқылы біле отырып, денеден шыққан
энергия мөлшерін есептеп
шығаруға болады. Бұл әдіс өте қымбат және қолайсыз аспаптармен
жабдықталған, сондықтан оны арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарында
пайдалануға болады.
Жанама калориметрия әдісімен энергия шығынын анықтау тыныс
жүйесіндегі газ алмасуға негізделген, яғни денеге сіңген оттегінің мөлшерін
не денеден шығарылған көмірқышқыл
газ мөлшерін өлшеу арқылы
анықтауға болады. Организмдегі қоректік затардың тотығуында бөлінетін
энергия, тағам құрамындағы белок, май, көмірсу мөлшеріне байланысты
әртүрлі болады. Сондықтан тотығу кезіндегі оттегінің әр литріне
жұмсалатын
энергия жеке тағамдық заттарда бірдей емес. Жанама калориметрия әдісімен
энергия шығынын есептеу үшін
тыныс коэффициенті (ТК) мен
оттегінің
калориялық эквиваленті (ОКЭ)деген зерттеулерді пайдалау керек.
Тыныс коэффициенті дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде организмнен
шығарылған көмірқышқыл газының көлемі мен
ағзаға сіңірілген оттегі
мөлшерінің аралық қатынасы. ТК-тің шамасы денедегі тотыққан ақуыздар,
майлар және көмірсулардың ара қатынастарына тәуелді: ақуыздар
тотыққанда 0,8; майларда – 0,7; көмірсуларда - 1,0 тең болады.
Оттегінің калориялық эквиваленті дегеніміз организмдегі 1л
оттегін
пайдаланғанда бөлінетін энергия мөлшері. Оның шамасы ақуыздар үшін 4,48
ккал (18,8 кДж); майлар үшін – 4,69 ккал (19,6 кДж); көмірсулар үшін – 5,05
ккал (21,1 кДж).
Достарыңызбен бөлісу: