Қалыпты физиология (дәрістер жинағы)


 Физиологиялық зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет10/118
Дата05.05.2023
өлшемі1,01 Mb.
#90236
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   118
Байланысты:
Дәрістер жинағы

1.2. Физиологиялық зерттеу әдістері.
Физиологияның ғылым ретінде дамуына және шектес ғылымдардың 
жетістіктеріне сәйкес ертеден келе жатқан зерттеу әдістерінің екі түрі бар: 
бақылау және тәжірибе. 
Бақылау әдістері – әр түрлі физиологиялық құбылыстарды жеке 
мүшелер мен толық организмде ұзақ уақыт бақылауға болады. Бірақ бұл 
әдістер бойынша алынған мәліметтердің механизмін түсіндіру қиындау 
болады. 
Тәжірибелік зерттеу әдістерін өткір және созылмалы деп екіге бөледі. 
Өткір тәжірибе әдістері – әр түрлі жануарларға наркоз беріп, дене 
бөлімдерін немесе жеке ағзаларды тіліп ашу (вивисекция) арқылы көрінетін 
қызметтерін механикалық және электрлік аспаптармен тіркеу. Тіркелген 
қызметтерді тәжірибеден кейін талдау мүмкіндігі болады (қан кысымның 
қисығы, миограмма, пневмограмма, кардиограмма, т.б.). Сонымен қатар
физиологиялық кызметтердің өзгерістерін байқау немесе тіркеу үшін 
көптеген тітіркендіру амалдары қолданылады. Олар механикалық (кесу, 
түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық (түздар, қышқылдар, 
дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, температура, электр ағыны, т.б.) 
түрткілер болып ажыратылады. 
Созылмалы тәжірибе әдістері – жануарларға асептика және антисептика 
принциптерін сақтау арқылы наркоз беріліп, операция жасалады. Зерттеу 
жұмыстары олар жазылғаннан кейін біраз уақыт өткен соң жасалады. Бұл 
әдісті физиологияға алғашқы енгізген И.П.Павлов болып саналады. Соның 
нәтижесінде ол асқорыту жүйесінің қызметінің жүйкелік (шартты және 
шартсыз рефлекстік) және гуморалдық реттелу механизмдерін дәлелдеді. 
Электрофизиологиялық әдістер – қозғыш тіндер мен жеке мүшелерде 
және толық организмдегі биоэлектрлік құбылыстарды және әртүрлі электрлік 
емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электрормагнит толқындары, т.б.) 
күшейткіштер мен тіркегіштер қолданып тіркеу. Оған қазіргі кездегі 
физиологиялық және диагностикалық әдістер мен аспаптар жатады (ЭКГ, 
ЭЭГ, ЭМГ, ФКГ, аудиометрия, термовизиометрия, ультрадыбыстық 
эхолокация, компьютерлік томография, т.б.). Сонымен бірге, қазіргі кездегі 
қыртыс асты және бас миы құрылымдарының күрделі қызметтері туралы 
ғылыми нәтижелер стереотаксистік техниканы пайдаланып, микроэлектрод 
енгізу арқылы алынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет