Алыпты физиология кафедрасы


*Физиология-2. Асқорыту жүйесінің физиологиясы *2*34*2*



бет18/25
Дата17.03.2023
өлшемі413,26 Kb.
#75291
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Àëûïòû ôèçèîëîãèÿ êàôåäðàñû 2

*Физиология-2. Асқорыту жүйесінің физиологиясы *2*34*2*
#394
*!Сөлге талдау жасалды: түссіз сұйықтық, меншікті салмағы 1.001-1.002, рН - 6.2, ферменті анықталмады, органикалық заттары: муцин, лизоцим, бейорганикалық заттары, (фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар).
Қай сөлге талдау жасалды?
*өт
*+сілекей
*ішек
*асқазан
*панкреас
#395
*!Белгілі-бір безінің өзегін сыртқа шығарып, итке фистулалық әдіспен тәжірибе жасады, нәтижесінде сұйық, шырышы жоқ, рН-6,8 болатын сөл бөліп алды.
Иттің қай безінің өзегі сыртқа шығарылды?
*өт
*тіласты
*+шықшыт
*панкреас
*жақасты
#396
*!Сілекей безіне фистула қойылған иттің эфференттік жүйке талшығын тітіркендірді, нәтижесінде минеральды заттары көп, органикалық заттары аз көлемді сілекей бөлінді.
Қай жүйке талшығын тітіркендірді?
*n. fasialis
*n. trigeminus
*n. vagus
*+n. chorda timpani
*n. glossopharyngeus
#397
*!Тіс жұлу барысында, ауыз қуысының шырышты қабаты зақымданғанда қан кету тез тоқтап, жарақат жазалып кетті.
Қан кетудің тоқтауына әсер еткен қандай зат?
*липаза
*амилаза
*лизоцим
*+кининдер
*опсониндер
#398
*!Шартты-рефлекстік сілекей бөлінуі тоқтауы байқалған жануарда зақымдалған ОЖЖ бөлімі
*мишық
*гипоталамус
*жұлын
*сопақша ми
*+ми қыртысы
#399
*!В12 дәруменінің сіңірілуі бұзылған адамда болмайтын зат
*муцин
*пепсин
*гастрин
*+Кастл факторы
*тұз қышқылы
#400
*!Асқазан сөлінің ферменттік қасиетін зерттеу тәжірибесінде қайнатылған асқазан сөлі құйылған түтікті шыны ыдысқа фибрин салынды.
30-40 минуттан соң фибриннің күйі калай өзгереді?
*қатты ісінеді
*ыдырау басталады
*+жартылай ісінеді
*толық ыдырайды
*өзгеріссіз күйде калады
#401
*!Асқазан безінің сөл бөлуінің ынталандырушы
*секретин
*+гастрин
*вилликинин
*нейротензин
*соматостатин
#402
*!Нәрестелердің 1,5 айлығынан бастап сілекей бездерінен бөліне бастайтын сілекей құрамындағы зат
*муцин
*амилаза
*химозин
*мальтаза
*+лизоцим
#403
*!Асқазан резекциясы (жартылай алып тастау) жасалған науқастарда, анемияның пайда болу себептері?
*асқазаннан сөл бөлінуінің гуморалды реттелуі бұзылыстарынан
*+гастромукопротеидтің (Касл факторы) түзілуі төмендеуінен
*кезеген жүйкенiң жартылай зақымдануынан
*тұз қышқылының түзілуі күшеюінен
*G-жасушалары белсенділігінің төмендеуінен
#404
*!Итке оқшауланған кіші қарынша жасау операциясы нәтижесінде фистула арқылы таза қарын сөлін алып, оның мөлшерін, қышқылдылығын, ас қорытудағы белсенділігін анықтауға болады. Тек қана табиғи физиологиялық тітіркендіргіштерді (тамақ көрсету, тамақ беру) пайдалана отырып, операция Павлов әдісі бойынша жасалғанын қалай білуге болады?
*милы кезеңінің болмауынан
*механикалық асқазан кезеңінің бірден төмендеуінен
*гуморальды-химиялық ішек кезеңі өзгеруінен
*гуморальды-химиялық асқазан кезеңі өзгеруінен
*+асқазаннан сөл бөлінуінің барлық кезендері қамтылуынан
#405
*!Қарынына фистула қойылған итке тамақ берілді. Қарын сөлі 40 минуттан кейін бөліне бастайды. Қандай фистулалық операция жасау әдісі қолданылды?
*+Гейденгайн әдісі бойынша кіші қарынша жасау
*қарынға фистула қойып эзофаготомия
*Тире-Велла әдісі
*Павлов әдісі бойынша кіші қарынша жасау
*Басов әдісі бойынша қарынға фистула қою
#406
*!Асқазаннан 12 елі ішекке астың өтуі бұзылғанда маңызды рөл атқаратын фактор
*липаза
*пепсин
*гастрин
*секретин
*+тұз қышқылы
#407
*!Зерттелуші адамның он екі елі ішекке келіп түскен химусының құрамында НСl мөлшері өте жоғары екендігі анықталды. Нәтижесінде он екі ішектегі астың қорытылуы төмендеді.
Не себепті астың қорытылуы бұзылды?
*ұйқы безі сөліндегі химотрипсиногеннің химотрипсинге айналуы
*+белсенді пепсиннің панкрес сөлі ферменттерін бұзуы
*ұйқы безі сөліндегі трипсиногеннің трипсинге айналуы
*химустың липидті құрамының бұзылуы
*ас құрамында көмірсулардың көп болуы
#408
*!Егер он екі елі ішек сөлін зерттеу нәтижесінде сөл құрамында энтерокиназа ферментінің аз екендігі анықталса, қандай үрдістің бұзылыстары байқалады
*трипсиногеннің белсенсізденуі
*+трипсиногеннің белсенділігі
*липазаның эмульсиялауы
*пепсиногеннің белсенділігі
*сахаразаның белсенсізденуі
#409
*12-елі ішекте кысым жоғарылады. Қандай өзгерістер болады?
*асқазаннан сөл бөлінуі күшейеді
*аш ішектің перистальтикасы күшейеді
*асқазаннан химустің келесі бөлшегі келеді
*пилорикалық сфинктердің рефлекстік ашылуы
*+пилорикалық сфинктердің рефлекстік жабылуы
#410
*!Тирри-Велланың аш ішекке фистула қою тәжірибесінде әртүрлі гуморальді заттар енгізіліп, ішектің қимыл әрекеті зерттелді.
Ішектің қимыл әрекетін тежейтін зат?
*+холицистокинин
*ацетилхолин
*адреналин
*мотилин
*гастрин
#411
*!Химустың асқазанан он екі елі ішекке өтуі бұзылыстары кезінде адамда байқалатын үрдіс
*асқазан мен он екі елі ішектің рН ортасының бұзылуы
*тағам құрамында көмірсулардың басым болуы
*+химустың липидтік құрамының бұзылуы
*химустың белоктық құрамының бұзылуы
*біркелкі шөп тағамдары қабылдауы
#412
*!Ішек фистуласы қойылған тәжірибелік жануарда талшықты оптика көмегімен асқорыту биiктiгiнде iшек бүрлерiнiң белсендi қозғалысы тiркелді, нәтижесiнде олардың ұзындығы өзгередi. Бұл немен байланысты?
*+сініру үдерістерінде бiрыңғай салалы бұлшықеттердiң жиырылуымен
*сөл бөлінуінде бiрыңғай салалы бұлшықеттердiң жиырылуымен
*перистальтика кезінде сақиналы бұлшықеттердiң жиырылуымен
*кері перистальтика кезінде бойлық бұлшықеттердiң жиырылуымен
*химустың жылжуында ішек бұлшықеттердiң жиырылуымен
#413
*!Тәжірибеде аш iшектiң бұлшықет аралық өрімдеріндегі интрамуралдық ганглийлері алынып тасталды. Ішектің қызметтерінде кандай бұзылыстар пайда болады?
*+перистальтикалық қимылдардың ырғақтығы бұзылады
*ішектің ырғақты бунақтануы тоқтайды
*ішектегі астың жылжыуы күшейеді
*маятник тәрізді қимылдар күшейеді
*ішек гипертонусы пайда болады
#414
*!Тәжірибе барысында бөлініп алынған аш ішектің сөліне крахмал қосылды. Түтікті шыны құтыда крахмалдың ыдырауы байқалды. Сол түтікті шыны ыдысқа аш ішектің бір бөлігін қосты. Нәтижесінде түтікті шыны ыдыстағы асқорытылудың түрі 10 есеге ұлғайды.
Түтікті шыны ыдыста асқорытудың қандай түрі жүреді?
*жасушаішілік
*аутолитикалық
*қуыстық
*+мембраналық
*симбионттық
#415
*!И.П.Павлов лабораториясында итті ұзақ уақыт құрамы біркелкі тағаммен тамақтандырып, тағамдық заттардың басымдылығына сөлдің ферментативтік құрамы мен мөлшерінің өзгерістері бақыланды.
Итті тек белоктық тағаммен тамақтандырғанда, қарын сөлінің ферментативтік құрамы қандай болады?
*липаза жоғарылайды
*карбоангидразалар жоғарылайды
*+протеазалар жоғарылайды
*протеазалар төмендейді
*карбоангидразалар төмендейді
#416
*!И.П.Павлов лабораториясында итті ұзақ уақыт құрамы біркелкі тағаммен тамақтандырып, тағамдық заттардың басымдылығына сөлдің ферментативтік құрамы мен мөлшерінің өзгерістері бақыланды.
Итті тек көмірсулы тағаммен тамақтандырғанда, қарын сөлінің ферментативтік құрамы қандай болады?
*липаза жоғарылайды
*+карбоангидразалар жоғарылайды
*протеазалар жоғарылайды
*протеазалар төмендейді
*карбоангидразалар төмендейді
#417
*!Адамның сарғаюы эритроциттердің гемолизі артып және қандағы коньюгацияланған билирубин мөлшерінің жоғарылауына байланысты. Гепатоциттермен билирубиннің байланысуы үрдісі және оның конъюгациясы бұзылмады.
Несепте қандай өзгерістер болуы мүмкін?
*+бос билирубиннің болмауы
*бос билирубиннің болуы
*физиологиялық сарғыш түсті болуы
*ашық қызыл түсті болуы
*белоктың болуы
#418
*!Адамның сарғаюы бауырдың қабынуына байланысты, нәтижесінде билирубиннің коньюгациялануы бұзылып, гепатоциттер жасушасы мембранасының өткізгіштігі жоғарылайды, бұл қанда байланысқан биллирубиннің мөлшерінің жоғарлауына алып келеді.
Несепте қандай өзгерістер болуы мүмкін?
*бос билирубиннің болмауы
*+бос билирубиннің болуы
*ашық қызыл түсті болуы
*түссізденуі
*белоктың болуы
#419
*!40 жастағы ер адам терісінің сарғаюына шағымданды. Қанында коньюгацияланбаған билирубиннің мөлшері жоғары, зәрінде тура билирубин жоқ. Зәрінде уробилин және нәжісінде стеркобилин басым.
Билирубиннің коньюгациялануына қандай фермент қатысады ?
*+глюкуронилтрансфераза
*креатининфосфокиназа
*билевердинредуктаза
*фосфокреатин
*мезобилиноген
#420
*!Тәжірибе барысында иттің бауырын толық алып тастады, нәтижесінде ит өліп қалды.
Иттің өлу себебі?
*артериялық қан қысымының жоғарлауы
*сусыздануы
*метаболизмінің бұзылуы
*+ағзаның улануы
*ішектің әлсіреуі (атониясы)
#421
*!Адамда несептің «күңгірт сыра» түске боялуында көбейетін зат
*стеркобилиноген
*мезобилиноген
*+уробилиноген
*стеркобилин
*уробилин
#422
*!Қанда протромбин мөлшерінің төмендеуі анықталды. Бауырдың қандай кызметі бұзылды?
*детоксикациялық
*+гомеостаздық
*метаболиттік
*қор түзушілік
*экскреторлық
#423
*!«Нәжістік құсу» кезіндегі ішек перистальтикасының түрі
*ырғақты бунақтық
*+кері перистальтикалық
*тонустық
*маятник тәрізді
*перистальтикалық
#424
*!Ұзақ уақыт антибиотиктармен емдегенде іш өту себебі.
*+ішек микрофлорасының бұзылуы
*амин қышқылдарының түзілмеуі
*ішек қабырғасы тонусының төмендеуі
*дәрумендердің түзілмеуі
*судың сінірілмеуі
#425
*!Тәжірибелік жануарға ішек денервациясы жасалынды. Ішек денервациясынан кейін жануарда нәжістің қалпы қалай өзгереді?
*+сұйылады
*қоюланады
*тұткырланады
*түйіршіктеніп, қатты болады
*нәжістің арасында тамақтың бөлшектері кездеседі
#426
*!Жарақат алған науқаста жұлынның кеуделiк және бел бөлімдері шекарасы толық зақымдалды. Дефекация актісіне осы жарақат қалай әсер етеді?
*нәжістің сұйылуы байқалады
*нәжіс шығарылуы қиындайды
*+еріксіз нәжістің шығарылуы
*нәжістің арасында тамақ бөлшектерінің кездесуі
*нәжістің қалпы шырышты, тұткырлы болады
#427
*!Антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдағаннан нәжістің түсі ашық сары болады. Бұны немен түсіндіруге болады?
*+ішек флорасы әсерінен билирубиннен стеркобилиннің түзілуі бұзылысынан
*ішек флорасы әсерінен билирубиннен уробилиннің түзілуі бұзылысынан
*ішектегі бифидум және лакто-бактериялар қызметінің күшеюінен
*ішек флорасы әсерінен билирубиннен стеркобилиннің түзілуі күшеюінен
*уробилиногеннің ішек-бауыр айналымы бұзылысынан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет