Қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы Cтуденттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өндеу Пән: физиология Пән коды



бет5/28
Дата03.11.2022
өлшемі405 Kb.
#47219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Әдістемелік өндеу №7.
1. Тақырыбы: Аралық бақылау№1 . Модуль №1, 2, 3.
2. Мақсаты: №1, 2, 3 модуль бойынша теориялық және тәжірибелік материалдарды игеру бойынша қорытынды шығару.
3. Тапсырма: тест тапсырмаларын шешу және практикалық машықтарын көрсету.
4. Орындау түрі: тест тапсырмаларына жазбаша жауап беру және практикалық машықтары бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру.
5. Орындау және бағалау критерийлері (тапсырманы орындау талаптары):
№ 1 қосымшаны қараңыз.
6. Тапсыру мерзімі: 8-ші аптада.
7. Әдебиет: № 2 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау
Сұрақтар:
1. Физиология пәні нені оқытады?
2. Физиология пән ретінде өз алдына қандай міндеттерді қояды?
3. Физиология мен медицинаның байланысы қандай?
4. Физиологияның дамуының заманауи кезеңініңерекшеліктері қандай?
5. Адам денсаулығының жағдайын қалай бағалауға болады?
6. Денсаулықтың физиологиялық негізі қандай?
7. Денсаулықты сақтау мен алдын-алу шараларының қандай негізгі әдістерін атауға болады?
8. Адамның жұмысқа қабілеттілігі неге байланысты?
9. Қозғыш ұлпалар қозбайтын ұлпалардан қандай қасиеттері бойынша ерекшеленеді?
10. Гальвани қандай тәжірибе жүргізеді?
11. Биопотенциалдардың пайда болуын анықтайтын жасуша мембранасының қандай қасиеттерін білесің?
12. Биологиялық мембрана қандай негізгі физиологиялық жағдайларда болуы мүмкін?
13. Биопотенциал кезіндегі натрий, калий, хлор концентрациясы градиентінің мәні қандай?
14. Қозғыш тіндерді зерттеудің қандай әдістерін білесіз?
15. Тыныштық потенциалы дегеніміз не?
16. Әрекет потенциалы дегеніміз не?
17. Қозу үрдісінің әртүрлі кезеңдеріндегі қозу қалай өзгереді?
18. Бұлшықет тіндерінің қандай түрлері бар?
19. Көлденең жолақты бұлшықеттердің қасиеттері қандай?
20. Бұлшықеттің жиырылуының қандай түрлері бар?
21. Бірізді жиырылу дегеніміз не?
22. Біріктірілген жиырылу (жайпақ және тісті тетанус) дегеніміз не?
23. Бұлшықет жиырылуының механизмі қандай?
24. Бұлшықеттің жиырылу тәртібі қандай?
25. Баяу созылуға бұлшықеттің реакциясы қалай көрінеді?
26. Бұлшықеттердің жұмысы мен күші дегеніміз не?
27. Бұлшықеттердің қажуы дегеніміз не?
28. Бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылу үдерісінің ерекшеліктері қандай?
29. Қимыл қызметі дегеніміз не?
30. Қимыл қызметінің реттелуі қандай жолмен іске асырылады?
31. Қимыл қызметінің жүйелік реттелуі қандай жолмен іске асырылады?
32. Қимыл қызметінің қандай бұзылыстарын атай аласыз?
33. Қимыл қызметінің орталықтан бұзылуы неге байлынысты?
34. Қимыл қызметінің шет тен бұзылуы неге байланысты?
35. Буын дегеніміз не?
36. Буындық қалташа дегеніміз не?
37. Буындардың қандай түрін білесіз?
38. Буындағы қимыл қалай іске асады
39. Тағамдық қажеттілік дегеніміз не?
40. Тағамдық уəждеме дегеніміз не?
41. Тамақтану орталығы қайда орналасқан?
42. Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері қалай іске асады?
43. Қандағы қоректік заттарды тұрақты ұстап тұратын жүйе қандай звенолардан тұрады?
44. Осы функционалдық жүйенің пайдалы бейімделу нәтижелері болып не табылады?
45. Қандағы қоректік заттардың тұрақтылығын сақтайтын функционалдық жүйеде ас қорыту үрдісі қандай орын алады?
46. Ас қорыту жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?
47. АІЖ қандай қызметтер атқарады?
48. Асқорытылу дегеніміз не?
49. Асқорытылудың қандай түрлерін білесіз?
50. Ауыз қуысында сілекей бездерінің қандай түрлері бар?
51. Сілекейдің құрамы қандай?
52.Сілекей қандай қызмет атқарады?
53. Сілекей бөлінудің реттелуі қалай іске асырылады?
54. Жұтқыншақ және өңеш қызметтерінің ерекшеліктері қандай?
55. Асқазанның пилорикалық және кардиалды бөлімдерінің морфофункцио налдық ерекшеліктері қандай?
56. Асқазанда қандай бездер бар?
57. Қарын сөлінің құрамы қандай?
58. Қарын сөлінің қасиеттері қандай?
59. Асқазан сөлінің түзілуі мен бөлінуінің реттелуінің жолдары қандай?
60. Асқазандағы сіңірілудің реттелуі немен сипатталады?
61. Аш ішектің қандай бөлімдері бар?
62. Аш ішектің қызметтері қандай?
63. Ішектік түтіктердің құрылысы қандай?
64. Мембраналық асқорыту дегеніміз не?
65. Аш ішіекте асқорытылу қалай іске асды?
66. Ұйқы безінің асқорытулық қызметі қандай?
67. Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеттері қандай?
68. Асқорыту үдерісінде бауыр қандай қызмет атқарады?
69. Өт. Құрамы, қасиеттері, қызметі қандай?
70. Өт бөліну, оның реттелуі қалай іске асады?
71. Ішектік секрецияны қандай бездер орындайды?
72. Сіңірілу механизмі қалай іске асады?
73. Ақуыздар, майлар, көмірсулардың сіңірілу ерекшеліктері қандай?
74. Сіңірілу үрдісінің реттелуі қалай жүреді?
75. Асқорыту трактісінде моториканың қандай түрлері кездеседі?
76. Мотриканы реттеудің қандай түрлері бар?
77. Мотриканы реттеудің қандай жүйкелік түрлері бар?
78. АІЖ әртүрлі бөлімдерінде мотриканы гуморалдық реттеудің ерекшеліктері неде?
79. Тоқ ішектегі ас қорытылу қалай жүреді?
80. Асқорыту үрдісін зерттеудің қандай әдістерін білесіз?
81. Тиімді тамақтану дегеніміз не?
82. Тиімді тамақтанудың физиологиялық негізі неде?
83. Тамақтанудың физиологиялық нормалары қандай?
84. Тамақтану режимі дегеніміз не?
85. Тәулігіне неше рет тамақтану керек?
86. Ақуыздар ағзада қандай қызмет атқарады?
87. Ақуыздардың калориялық құндылығы қандай?
88. Майлар ағзада қандай қызмет атқарады?
89. Майлардың калориялық құндылығы қандай?
90. Көмірсулар ағзада қандай қызмет атқарады?
91. Көмірсулардың калориялық құндылығы қандай?
92. Организмдегі сумен минералды заттардың биологиялық маңызы қандай?
93. Тамақтану өнімдерінің энергетикалық құндылығы дегеніміз не?
94. Негізгі алмасу дегеніміз не?
95. Тамақтың арнайы динамикалық әсері дегеніміз не?
96. Физикалық жүктеме және оймен жұмыс істеу кезінде энергия алмасу қалай өзгереді.
97. Тыныс алу жүйесі туралы қандай түсінікті білесіз және оның организм үшін маңызы қандай?
98. Тыныс алудың қандай кезеңдері бар?
99. Тыныс алу циклі дегеніміз не? Оның реттелуі қалай іске асады?
100. Сыртқы тыныс дегеніміз не?
101. Тыныс алу үрдісіндегі тыныс алуға қатысатын бұлшықеттерінің қандай рөл атқарады?
102. Дем алу және дем шығару механизмі қандай?
103. Плевра, плевралық қуыс дегеніміз не? Тыныс алу үрдісінде қандай рөл атқарады? Плевралық қуыстағы қысым қандай? Пневмоторакс дегеніміз не?
104. Қандай өкпенің сиымдылығы және көлемі бар, оларды анықтаудың қандай әдістерін білесіз?
105. Өкпелік және альвеолалық вентиляциясы дегеніміз не? ТМК анықтаудың қандай әдістері бар?
106.Өлі кеңістік дегеніміз не және оның маңызы қандай?
107. Өкпенің максималды вентиляциясы қай кезде болады? Өкпенің қосымша қоры дегеніміз не? Оларды есептеу әдісі қандай?
108. Өкпенің құрылымдық-қызметтік бірлігі қалай аталады?
109. Атмосфералық, шығаратын және альвеолярлы тыныс құрамы қандай? . Анықтамасы және салыстыру.
110. Ауаның бір ортадан екінші ортаға диффузиялануын қамтамасыз ететін заңдылықтар қандай?
111. Өкпедегі газ алмасу қалай жүреді? Альвеолалық ауаның парциалдық қысымы және қандағы газдардың кернеуі дегеніміз не?
112. Қанның оттегіні тасымалдауы қалай жүреді? Қанның оттегілік сиымдылығы дегеніміз не, қалыпты жағдайда нешеге тең?
113. Қанның көмірқышқыл газын тасымалдауы қалай іске асады? . Карбоангидразаның бұл үрдісте маңызы қандай?
114. Тыныс орталығы қайда орналасқан? Оның құрылымы қандай?
115. Қандағы газдың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жүйеге не кіреді?
116. Өкпенің жасанды вентиляциясы дегеніміз не?
117. Қандай жағдайларда өкпенің жасанды вентиляциясы қолданылады?
118. Өкпені жасанды вентиляциялау үшін қандай әдістер қолданылады?
119. Жасанды тыныс дегеніміз не?
120. Жасанды тыныс кезінде қандай әдістер қолданылады?
121. Ағзаның сұйық ортасының жалпы сипаттамасы қандай? Жасуша ішілік және жасушадан сыртындағы сұйықтықтар дегеніміз не?
122. Қан жүйесіне не кіреді?
123. Қан қандай қызметтер атқарады?
124. Қан қоймасы (депо крови) қызметін қай органдар атқарады, оның маңызы қандай?
125. Қанның құрамы қандай?
126. Плазма дегеніміз не және оның құрамы қандай?
127. Қан плазмасында қандай белоктар бар? Олардың мөлшері мен маңызы.
128. Организм үшін қанның осмостық қысымы және қышқылды-сілтілі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қандай функционалдық жүйелер бар?
129. Эритроциттер дегеніміз не? Олардың саны қанша? Қандай қызметтер атқарады?
130. Эритроциттердің тұну жылдамдығы қанша? Сіз ЭТЖ анықтайиын қандай әдістерді білесіз?
131. Гемоглобин дегеніміз не? Ол ненің құрамында болады? Қалыпты жағдай да Нв саны неше?
132. Гемолиз дегеніміз не? Гемолиздің қандай түрлері бар?
133. Лейкоциттер дегеніміз не? Қандағы саны нешеге тең, қандай қызметтер атқарады?
134. Лейкоцитарлы формула дегеніміз не?
135. Қан қандай иммундық қасиеттерге ие?
136. Тромбоциттер дегеніміз не, қандағы саны нешеге тең, қандай қызметтер атқарады?
137. Гемостаз дегеніміз не? Гемостаздың қандай этаптарын білесіз?
138. Гемокаогуляция жүйесі дегеніміз не?
139. Қан ұюы сатылары туралы заманауи көзқарасдың мәні неде?
140. Қанның фибринолиздік жүйесі дегеніміз не?
141. Қанның ұюға қарсы механизмінің маңызы неде?
142. Антикоагулянтар дегеніміз не: табиғи және жасанды?
143. Қанның сұйық жағдайын реттеу қалай іске асады?
144. Қан топтарын алғаш сипаттап жазған кім?
145. Қан топтары бойынша бөлудің негізінде не жатыр?
146. Агглютининдер мен агглютиногендер дегеніміз не?
147. Қандай қан топтары белгілі, олардың айырмашылығы қандай?
148. Топтық ерекшеліктерін ескере отырып қан құюдың қандай әдістері белгілі?
149. Резус-фактор дегеніміз не?
150. Резус-фактор ескере отырып қан құюдың қандай әдістері бар?
151. Резус-қайшылық дегеніміз не?
152. Қан құюдың негізінде қандай ережелер жатыр?
153. Сіз қандай қан алмастырушы ерітінділерді атай аласыз?
154. Қанды зерттеудің қандай клиникалық әдістері Сізге белгілі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет