Герпесвирустар (альфа, бета, гамма-герпесвирустар)
Орындаған: Ергеш Жансая
Тобы: ЖМҚА-202
Қабылдаған: Кадырбаева Б. Ш .
Шымкент, 2022 г.
Ұшық вирустары – Герпесвирустар
Ұшық вирустары – әртүрлі инфекциялар қоздыратын, Herpesviridae
тұқымдастығына жататын, сыртқы қабықшасы бар ірі ДНҚ құрамды вирустар.
Тұқымдасшасы
Альфа герпесвирустар
Simplexvirus
Varisellovirus
Mardivirus
Itovirus
Betaherpesviridae
Cytomegalovirus
Muromegalovirus
Roseolovirus
Gammaherpesviridae
Limphocryptovirus
Rhadinovirus
Вибриондары сфера пішінді, диаметрі 120-200 нм.
Гликопротеинді тікенекшелері сырткы кабыкшамен
қоршалған. Тікенекшелер ядролық мембрананың ішкі
қабатынан қалыптасады. Өйткені ұрпақтың популяцияның
жетілуі вирус жұққан жасуша ядросының ішкі мембранасында
атқарылады. Нуклеокапсид пен суперкапсидтің арасында
жабынды қабат тегумен яғни ішкі қабықша орналаскан.
Геномы екі жіпшелі сызықша ДНҚ, мөлшері мен нуклеотидтер
саны бойынша айырмашылығы бар қосақталған қысқа және
ұзын фрагменттерден тұрады. Геномында шамамен 80 ген
бар. Вирион құрамында 300 ден астам ақуыздар табылған.
Ұшық вирустары сезімтал жасушаларға рецепторлық
эндоцитоз жолымен енеді. Осы процесс кезііде сыртқы қабатын
жоғалтады. Босанған нуклеокапсид ядроға тасымалданады, сол
жерде оның депротеинизациялануы іске асады. Вирустық ДНҚ
ның транскрипциясы жасушалық транкриптазалардың
қатысуымен атқарылады. Пайда болған иРНҚ цитоплазмаға
енеді, сол жерде реттеуші белсенділігі бар ертелік ақуыздың
синтезделуі іске асады.
Резистенттілігі
Вирус сыртқы орта факторларының әсеріне төзімді
емес, термолабильді, бірақ бөлмелі температурада
салыстырмалы түрде ұзағырақ сақталынады. УКС
және күн сәулесінің, детергенттердің,
дезинфектанттардың әсеріне сезімтал.
Альфа герпесвирустар ( ҚҰВ – 1, ҚҰВ – 2)
.
Кең спектірлі иелері болады, Репродуктивті циклі қысқа, жасуша
дақылдарына тез тарайды, жасушаларға жұққанда әсерлі бұзылыс
туғызады.
Жылдам өседі жііне цитопатиялық әсері өте жоғары, адамдарға және
көптеген жануарларға патогендік әсер етеді.
Альфагерпесвирустарға жататын қарапайым герпес вирустары
теріде, шырышты қабаттарда везикулярлы бөртпелердің пайда
болуымен, орталық жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың зақымдалуымен,
сондай-ақ өмір бойы вирустың берілуімен (персистенциясымен) және
аурудың қайталануымен сипатталатын герпестік инфекцияларды
тудырады. Герпес вирусы 1912 жылы ашылды (В. Грутер).
Достарыңызбен бөлісу: |